Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо. Архивтегі сурет

Назарбаев Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

1315
(Жаңартылды 10:29 20.03.2019)
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Назарбаевты Бейжіңдегі халықаралық форумға шақырды

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ҚХР арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қытай дипломаты Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Бейжіңде сәуірде өтетін "Бір белдеу, бір жол" 2-ші халықаралық ынтымақтастық форумына қатысуға шақыру хатын тапсырды.

  

1315
Кілт сөздер:
саясат, ынтымақтастық, Назарбаев, Қытай
Тақырып бойынша
Сенат депутаты: Қытай Қазақстанды басынан бақайшағына дейін зерттеп отыр
Қытай Шыңжаңдағы "лагерьлерде" 1 миллион адам отырғанын жоққа шығарды
"Достас Қазақстан өркендей берсін" Қытай басшысы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстанға инвестиция салатын қазақ-қытай қоры бірқатар салықтан босатылады
Загрузка...