Саясат

Назарбаев Ақордадан қайда көшеді?

© Sputnik / Владислав Водневархивтегі фото
архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұңғыш президенттің жаңа ғимаратта өз кабинеті болады

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Елбасының "Назарбаев орталығында" өз кабинеті болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл ақпаратпен парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР тұңғыш президенті кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков бөлісті.

архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаевтың суреттері кабинеттерде сол күйі ілулі тұрады

Ол Тұңғыш президент кеңсесі қандай мәселелермен айналысатынын да айтты.

"Кеңсе Елбасы қызметін құжаттық қамтамасыз етумен айналысады",- деді Қасымбеков.

Еске салсақ, кеше Махмұд Қасымбеков Тұңғыш президент кеңсесінің бастығы қызметіне тағайындалған болатын.

9 қабаттан тұратын "Назарбаев орталығының" аумағы - 28 мың шаршы метр. 460 мың кітап қоры бар.   Оның екі жүз мыңы жабық қор. Кешеннің орталық атриумының диаметрі – 26 метр. 500 адамның қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастыруға болады.

Жаңалықтар
0