Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева сенат спикері болды

3909
(Жаңартылды 15:05 20.03.2019)
Депутаттардың бірауыздан шешімімен Дариға Назарбаева сенат спикері болып сайланды

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Дариға Назарбаева сенат төрайымы болып сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дариға Назарбаева депутаттар арасында жасырын дауыс беру жолымен сенат спикері болып сайланды. Дауыс беруге қатысқан 44 депутаттың барлығы Назарбаеваның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

"Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Парламент сенатының төрайымы болып сайланды. Құттықтаймыз", - деді сенат спикерінің орынбасары Бектас Бекназаров.

Дариға Назарбаева бұған дейін сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарған еді.

Ал сенаттың бұрынғы төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел халқына ант беріп, Қазақстан президенті болды.

Дариға Назарбаева – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Ол 1963 жылдың 7 мамырында Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, неміс тілдерін біледі.

2012 жылдың қаңтар айында депутат қызметіне келді. 2014 жылдың сәуір айынан бастап мәжілістің вице-спикері қызметін атқарды. Ал 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдың қыркүйегінде сенат депутаты болып сайланған.

3909
Кілт сөздер:
сенат, Дариға Назарбаева
Тақырып:
Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы (32)
Тақырып бойынша
Бекболат Тілеухан Назарбаевтың кеткенін естігенде көзіне жас алды
"Тағдырыма ризамын": Нұрсұлтан Назарбаев жайлы не білеміз? - фото
Назарбаев Ақордадан қайда көшеді?
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Халық қаһарманы атанды
Назарбаевтың суреттері кабинеттерде сол күйі ілулі тұрады
Тоқаев қандай саясат жүргізетінін мәлімдеді
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы жаңа елшілерді тағайындады

38
(Жаңартылды 11:20 22.05.2020)
Мемлекет басшысы екі елшіні жаңа дипломатиялық лауазымдарды қоса атқарушы қызметіне тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды  

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы елшілерді тағайындады.

Қазақстанның Индонезиядағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов Қазақстанның Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, Қазақстанының Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Арыстанов Қазақстанның Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бірнеше елшіні қызметінен босатты

Данияр Сарекенов дипломатиялық еңбек жолын 1993 жылы сыртқы істер министрлігінде атташе қызметінен бастады. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. Кейінірек, сол жылы ол Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болды, бұл қызметті 2019 жылға дейін атқарды.

Аркен Арыстанов әр жылдары қаржы саласында еңбек етті. 2011-2013 жылдары "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болды. 2014-2019 жылдары – Қазақстанның Франциядағы елшілігінде инвестициялар жөніндегі кеңесші.

2019 жылы ол Қазақстанның Сингапур мен Жаңа Зеландиядағы елшісі болып тағайындалды.

38
Кілт сөздер:
елші, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді
Қазақстанның Қытайдағы елшісі ауысты
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев Марат Тәжинді "Барыс" орденімен марапаттады
АҚШ президенті Дональд Трамп

Трамп АҚШ Ашық аспан келісімшартынан шығатынын жариялады

86
(Жаңартылды 10:04 22.05.2020)
Егер ештеңе өзгермесе, Америка Құрама Штаттары үшін келісімшарттың әрекет ету мерзімі жарты жылдан кейін аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп өз елінің Ашық аспан келісімінен шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастамыз деп ойлаймыз, бірақ олар келісімшартты ұстанбады. Сондықтан біз шығамыз. Бірақ бізде жаңа келісімге қол жеткізуге немесе осы келісімшартты бірге қайтару үшін бір нәрсе жасауға болатын жақсы мүмкіндік бар", - деп хабарлады Трамп.

Оқи отырыңыз: Ресей АҚШ-қа гуманитарлық көмек жіберді 

Мемлекеттік хатшы Майк Помпео кейінірек Вашингтон келісімнен алты айдан кейін шығатынын мәлімдеді. Ол Штаттар Ресей келісімшартты "қайта сақтай бастаған" жағдайда ғана шешімін өзгертуі мүмкін екенін атап өтті.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеу ешқандай заңбұзушылыққа жол берген жоқ деп жауап берді.

"Біз кейбір техникалық проблемалардың болуын осы іргелі келісімнен шығуға себеп қылуды құптамаймыз. АҚШ Ресей тарапынан заңбұзушылық ретінде көрсетуге тырысып жатқан осы техникалық мәселелерді талқылауды одан әрі жалғастыруға ештеңе кедергі емес", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко.

Грушко Ашық аспан келісімшарты 20 жылдан астам уақыт ішінде Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдағанын және "барлық элемент өзара байланысты болатын әскери қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болды" деп атап көрсетті.

Вашингтон бұған дейін Мәскеудің 2019 жылдың қыркүйегінде АҚШ-Канада миссиясының ұшуына рұқсатты кері қайтарып, келісімшартты бұзғанын мәлімдеген. Ресей бұл айыптауларды жоққа шығарып, заңбұзушылық АҚШ тарапынан болғанын көрсетті. Атап айтқанда, 2016 жылы Вашингтон аралық аэродромдардың қажетті санын беруден бас тартып, ресейлік ұшақтардың қауіпсіз келуін қамтамасыз етпеген.

Ашық аспан келісімшарты

1992 жылы қол қойылған құжат қырғи қабақ соғыстан кейін Еуропадағы сенімді нығайту шараларының бірі болды. Ол 2002 жылдан бері жұмыс істейді және қатысушы елдерге бір-бірінің қарулы күштері мен іс-шаралары туралы ашық ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Келісімге 34 мемлекет қол қойды.

86
Кілт сөздер:
келісім, Ресей, АҚШ
 Архивтегі фото

Ақтөбе облысында ер адам өртеніп жатқан үйден жеті адамды құтқарды

0
(Жаңартылды 12:43 25.05.2020)
Өрт тұрғындар ұйықтап жатқанда, таңертең ерте шыққан. Көршілердің бір үйдегі адамдарды, оның ішінде жүкті әйел мен үш баланы өрттен аман алып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Шұбарқұдық ауылында ер адам өрттен жеті адамды алып шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 23 мамыр күні таңғы бесте болған.  

Көрші тұратын Медет Қалмұханов өртті байқап қалып, өрт сөндірушілер келгенге дейін терезені сындырып, үйге кірген. Ер адам жеті тұрғынға сыртқа шығуға көмектескен, олардың үшеуі бала, біреуі жүкті әйел.

Оқи отырыңыз: Үй отқа оранды - балаларды құтқарған астаналықтың аты-жөні айтылды 

"Қажет кезде қажет жерден табылғаныма өте қуаныштымын!", - дейді Медет.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына төрт минут ішінде жеткен. 100 шаршы метрден астам үйдің шатыры мен дәліз отқа оранды. Өрт сағат 05.04-те ошауланып, 05.56-да сөндірілді.  

0
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, өрт