Саясат

Назарбаев пен Тоқаев тағы да Путинмен телефон арқылы сөйлесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаВладимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев
Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен баруы мүмкін

АСТАНА, 21 наурыз — Sputnik. Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ресей Федерациясы президентінің баспасөз қызметі.  

 Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ресей президенті Назарбаевтың отставкасына қатысты пікір білдірді
"Путин Назарбаевқа екіжақты өзара байланысты дамытуға және еуразиялық интеграция жобасын сәтті жүзеге асырғаны үшін тағы бір мәрте алғыс білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанның тұңғыш президенті Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты нығайту жұмыстарына әрі қарай да атсалысатынына сенім білдірді", - дейді Кремльдің баспасөз қызметіндегілер.

Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекет басшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, оған табыс тіледі.

"Ресей-Қазақстан қарым-қатынасын одан әрі нығайту мақсатында тығыз ынтымақтастық орнатып, таяу уақытта Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді", - делінеді хабарламада.

Жаңалықтар
0