Портфель

Тоқаев бұрынғы министрді көмекшісі етіп тағайындады

4680
(Жаңартылды 15:16 22.03.2019)
Тимур Сүлейменов бұл қызметте Ерұлан Жамаубаевты алмастырды

АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Бұған дейін көмекші болған Ерұлан Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Тимур Сүлейменов туралы не білеміз?

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген.

2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша білім алған.

  • 2009 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ал 2010-2012 жылдар аралығында экономикалық даму және сауда вице-министрі болды;
  • 2012 жылдың 1 ақпанынан Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министрі);
  • 2016 жылдың 28 желтоқсанынан 2019 жылдың 25 ақпанына дейін ұлттық экономика министрі қызметін атқарды;
  • 2019 жылдың наурызында ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді.
4680
Загрузка...