Ақорда

Тоқаев Тәжікстан және Армения президенттерімен не туралы сөйлесті?

495
(Жаңартылды 16:06 22.03.2019)
Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты президент лауазымына кірісуімен құттықтады

АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан, Армения басшыларымен және Грузия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Тағы оқыңыз: Астана Нұр-Сұлтан деп өзгереді: министрлік көпті мазалаған мәселеге нүкте қойды

Армения басшысы Армен Саркисян да Тоқаевты президент лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев оған  ризашылық білдіріп, Қазақстанның Армениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы саяси бағыты өзгермейтінін айтты.

Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан мен Армения жағы бастамашы болды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысын Грузияның мремьер-министрі Мамука Бахтадзе де құттықтады.

Тағы оқыңыз: Әлемдік көшбасшылар Тоқаев туралы не ойлайды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Грузия жағы бастамашы болды.

495
Кілт сөздер:
Армения, Тәжікстан, президент, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Президент Тоқаев Ақордада алғашқы кеңес өткізді
Тоқаев қандай саясат жүргізетінін мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев не деді – президент сөзінің толық мәтіні  
Тоқаев Ақордада алғаш рет кадрлық ауыс-түйіс жасады
"Жаңа өмірдің басталу сәті" Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Назарбаев пен Тоқаев тағы да Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Загрузка...