Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева сенат төрайымы ретінде алғашқы тапсырмасын берді

3099
(Жаңартылды 16:11 26.03.2019)
Бюро мүшелері төменгі палатадан келіп түскен заң жобаларын бөліп алды

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Сенат спикері Дариға Назарбаеваның төрағалығымен жоғарғы палата бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенаттың баспасөз қызметінің ақпаратынша, бюро мүшелері мәжіліске түскен заң жобаларын бөліп алған.  

Қаржы және бюджет комитеті "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы және "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларына жауапты болды.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті "Қазақстан үкіметі мен Тәжікстан үкіметі арасында өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын одан әрі пысықтаумен айналысады.

Ал "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті жауапты.

Тағы оқыңыз: "Бас иеміз" Дариға Назарбаева қаза болған полицейдің отбасына көңіл айтты

Сонымен қатар, бюро отырысында 28 наурызда өтетін сенат отырысының күн тәртібі қаралды.

Алдағы отырыста сенат депутаты Қайрат Қожамжаровтың ант қабылдауы мен оны сенаттың тұрақты комитетінің құрамына қабылдауы, сондай-ақ, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитеттің төрағасын сайлау ұсынылды.

Тағы оқыңыз: Сенаттың жаңа төрайымы Дариға Назарбаева туралы қызықты деректер

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева әріптестеріне республикалық бюджетке түзетулер енгізу туралы заң жобасын уақытылы және жан-жақты қарастыруды тапсырды. 

3099
Кілт сөздер:
заң жобасы, Сенат, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
Дариға Назарбаева: мектеп асханасында той жасайтындар ақы төлеуі тиіс
Дариға Назарбаева Қазақстанда білім басқармаларын жабуды ұсынды
"Өзін-өзі жазалауы керек" Дариға Назарбаева мүдделер қақтығысы мәселесін қозғады
Дариға Назарбаева журналистердің ашуын келтірген ережеге пікір білдірді
"Құшақтасамыз" Дариға Назарбаева ресейлік қонақтарға бүгінгі мерекенің мәнін түсіндірді
Дариға Назарбаева: журналистердің аузын жабуға болмайды
Загрузка...