Саясат

Тоқаев тағы бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

© Sputnik / Болат ШайхиновПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент әкімшілігінде сыртқы саясат орталығының меңгерушісі ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланған.

Мадина Абылкасымова  - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы басқа қызметке тағайындады

Атап айтқанда, Тоқаевтың өкімімен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды иеленген Әділ Қапанұлы Тұрсынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, президент индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жаңа жауапты хатшысын тағайындады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды", - делінген құжатта.

Министрліктің бұрынғы жауапты хатшысы Замир Садықұлы Сағынов Тоқаевтың өкімімен қызметінен босатылды.

Жаңалықтар
0