РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев

Медведев Қазақстанның жаңа президентіне жеделхат жолдады

3888
(Жаңартылды 10:44 01.04.2019)
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен хаттар мен құттықтауларды жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. Хат жолдаған әлем елдері басшыларының көбісі Қазақстанмен жан-жақты серіктестікті одан әрі нығайтуға және достық байланыстарды дамытуға мүдделі екенін жеткізген.

Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы лауазымы қызметіндегі ауқымды міндеттерді табысты шешетін мол тәжірибесі бар екенін атап өткен, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан мен Ресейдің достық, серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарын одан әрі тереңдету, сондай-ақ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен үкіметтер арасындағы бірлескен жұмысты жандандыруға дайын екендігімізді жеткізгім келеді", – делінген жеделхатта.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты президент лауазымына кірісуімен құттықтап, екі елді достық пен ынтымақтастықтың көпғасырлық байланыстары жалғап жатқанын атап өткен. Әзербайжан көшбасшысы мемлекетаралық қатынастарды одан әрі дамытуға және кеңейтуге сенім білдірді.

Польша президенті Анджей Дуда өз құттықтау хатында елдеріміз арасындағы жақындық пен жемісті ынтымақтастықты атап өткен, сондай-ақ екіжақты байланыстарды толыққанды дамытуға сенім білдіре отырып, Қазақстан халқына бақ-береке тілеген.

3888
Кілт сөздер:
Ресей, Қасым-Жомарт Тоқаев, Дмитрий Медведев
Тақырып бойынша
Ажырасқан: Ақорда Тоқаевтың өмірбаянын жариялады
Назарбаев Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті
Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеуге шақырды
Кетті, бірақ қалды: Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Назарбаев не істей алады?
Қазақстанның жаңа президенті алғашқы жұмыс сапарын бастады
Загрузка...