Қасым-Жомарт Тоқаев

"Қазақ тілі қазақтың жаны" Тоқаев латын әліпбиіне қатысты ұстанымын ашық білдірді

4638
(Жаңартылды 09:54 02.04.2019)
Президенттің айтуынша, әлемдегі ақпараттардың 90 па­йызы латын графикасында жарық көреді

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. Қазақстанда латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық Egemen Qazaqstan және Aıqyn газеттеріне берген сұхбатында айтты.

"Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байла­ныс­тыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаевтың пікірінше, отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдір­шіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. Осы тұрғыда, балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет.

"Біз мемлекеттік тілдің мәрте­бесін көтеру бағытындағы жұ­мыс­тарды үздіксіз жалғастыра береміз", - деп атап өтті ол.

Осы орайда президент бүгінде Қазақстан халқы замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отырғанын айтты.

"Көрші мемлекеттердің көп­шілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 па­йызы латын графикасында жарық көреді. Ал ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам. Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз. Бірақ қоғамдық пікір, әліпбиді қолдану бары­сын­дағы артықшылықтар мен олқы­лықтар ескеріледі", - деп түйіндеді Тоқаев.

4638
Кілт сөздер:
қазақ тілі, латын әліпбиі
Тақырып бойынша
Латын әліпбиіндегі қазақша пернетақта қандай болады?
Ресей министрі Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне қатысты пікір білдірді
Сағынтаев ұйғыр тілін латын әліпбиіне көшіру туралы ұсынысқа жауап берді
"6 секунд ішінде": Астанада латын қарпіне көшуге арналған ІТ-жобалар таныстырылды
Загрузка...