Саясат

Мамин министр мен әкімдерге бірқатар тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневҮкімет отырысы, архивтегі сурет
Үкімет отырысы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер жас мамандар ауылдарда тұрақтап қалу үшін әлеуметтік көмек көрсету қажеттігін баса айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин дәрігерлердің жүктемесін азайтып, жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет басшысы медициналық-санитарлық көмекті қолжетімді ету және оның сапасын жақсартуға баса назар аудару қажеттігін айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Мамин мен Шөкеев Тоқаевтың тапсырмасын 2 сағатта орындап тастады – видео
"Бұл халықтың денсаулығын жақсартып, өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттырады. Осы ретте саладағы негізгі мәселе – алғашқы көмек көрсететін дәрігерлер жүктемесінің өте үлкен болуы және мамандардың жетіспеуі", - деді Мамин үкімет отырысында.

Ол денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.

"Жаңа алғашқы медициналық-санитарлық нысандарын ашу арқылы дәрігерлердің жүктемесін азайтуды қамамасыз ету керек. Сонымен қатар бұл нысандар қажет медициналық құралдармен жабдықталуы тиіс", - деді премьер.

Сондай-ақ, Мамин жас мамандардың ауылдарда тұрақтап қалуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін қарауды тапсырды.

"Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жас мамандарға жоғары көтерме ақы төленеді. Ал Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында баспанамен қамту жұмысы ұйымдастырылған. Осындай бастамаларға аса көңіл бөлу керек", - деді ол.

Сөз соңында үкімет басшысы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту үшін бір айдың ішінде премьер-министрдің кеңсесіне енгізуді тапсырды.

Жаңалықтар
0