Тағайындау, архивтегі сурет

Қайрат Лама Шариф жаңа қызметке тағайындалды

333
Ол бұған дейін Қазақстанның Біріккен араб әмірліктеріндегі елшісі қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қайрат Лама Шариф Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл ақпаратпен ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөліскен.

"Сыртқы істер министрлігінде жаңа қызмет алдым. Министр Бейбіт Атамқұловтың бұйрығымен ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқаратын боламын",- деді  Қайрат Лама Шариф.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Әбілқасымованы жаңа қызметке тағайындады

Еске сала кетсек, 2019 жылдың ақпан айында Қайрат Лама Шариф мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Біріккен араб әмірліктеріндегі елшісі қызметінен босатылды. Оның орнына Мадияр Меңілбеков тағайындалды.

Қайрат Лама Шариф Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман, Бахрейнде елші қызметін қоса атқарған болатын.

333
Кілт сөздер:
тағайындау, жаңа қызмет, сыртқы істер министрлігі, елші
Тақырып бойынша
Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды
Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік хатшы болып тағайындалды
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды
Экс-министр Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды
Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады

577
(Жаңартылды 20:38 17.09.2020)
Партияның онлайн дауыс беруі 1-3 қазан аралығында өтетіні хабарланған болатын. Тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота заңнама арқылы енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысты.

"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, дауыс беруге қатысу үшін "Праймериз1 ақпарат жүйесінде тіркеуден өтті. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Праймериз жеңімпаздары мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттардың партиялық тізіміне енеді. Шамамен 5 500 адам іріктеледі.

Іріктеуден өтіп, алайда тиісті қолдау көрсеткішін жинай алмағандар партияның жаңа кадрлық резервіне енгізіледі.

Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысында Елбасы партияға іріктеуді ұйымдастыру жұмысының сапалы болуы маңызды екенін айтқан болатын.

Ол праймеризді ашық, әділ ұйымдастырып, барша қатысушылар үшін бірдей жағдай жасау керек екенін жеткізді. Назарбаевтың айтуынша, партия қазақстандықтарды біріктіруі тиіс. 

Биыл саяси партияларды тіркеудің сандық шегі екі есе азайтылды. Партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота заңнама арқылы енгізілді. Партия билікке жаңа адамдарды – өз ісінің шеберлерін, беделді лидерлерді қабылдайтынын жариялады.

577
Кілт сөздер:
баспасөз, Елбасы
Тақырып бойынша
Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне дайын болуымыз керек – Назарбаев
"Жағдай тұрақты": Назарбаев Досаевты қабылдады
Назарбаев Тоқаевпен кездесті – не туралы сөйлесті
Назарбаев Қытай министрімен кездесті
Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасын қабылдады
Ақорда ғимараты

Тоқаев Жапонияның премьер-министріне жеделхат жолдады

85
(Жаңартылды 18:43 17.09.2020)
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында Ёсихида Суганы Қазақстанға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Жапонияның жаңа сайланған премьер-министрі Ёсихида Сугаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта жаңа үкімет басшысының ел дамуына және жапон халқының берекесін баянды етуге, Жапонияның әлемдік қауымдастықтағы беделін одан әрі арттыруға бағытталған игі істері мен бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірген.

"Қазақстан мен Жапония арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген мазмұнды саяси диалогымызды, әртүрлі саладағы жемісті ынтымақтастығымызды өрістете түсу үшін сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екеніме сендіремін", – деп жазылған жеделхатта. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында, Жапонияның премьер-министрі Ёсихида Суганы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ёсихида Сугаға аса жауапты қызметте сәттілік, жапон халқына құт-береке тіледі.

85
Тақырып бойынша
"Өте қауіпті симптом": Тоқаев ұсталған облыс әкімдері жайлы айтты
"Президенттер қатысады": Тоқаев қарашада маңызды кездесу өтетінін айтты
Тоқаев карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін айтты
Тоқаев Си Цзиньпинді Қазақстанға шақырды
Тоқаев Келімбетовке жауапты қызметті сеніп тапсырды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0