Саясат

"Асығыстық танытуға болмайды" Тоқаев Байбектің шешіміне қолдау білдірді

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы әкімі "Көк Жайлау" шипажайының жобасы қолданысқа жарамсыз екенін айтып, кері қайтарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Көк Жайлау" шипажайы жобасын жүзеге асыруды кейінге қалдыру туралы шешімін қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бауыржан Байбек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Twitter-де аккаунт ашқан Бауыржан Байбек жағымды жаңалығымен бөлісті
"Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.

Естеріңзге салайық, Алматы әкімі шипажайдың қазіргі жобасы қолданысқа жарамсыз екенін айтып, оны қайта бір пысықтау үшін кері қайтарған болатын.

Қоғам белсенділері, экологтар "Көк Жайлау" шипажайының құрылысына қарсы. Олардың басым бөлігі бұл Алматының әдемі табиғатын құрту деп санайды.

Өйткені ондайда тау бөктеріндегі біршама жасыл желек оталып, ол араны мекен еткен аң-құстарға қауіп төнбек.

Ал қала басшылығы тауды адамдар игілігіне пайдалану керек деп санайды. "Шипажай құрылысы жобасында экологияға келетін зардап өте аз көрсетілген кезде ғана бұл жобаны қолға аламыз" деп елді сендіреді олар.

Жаңалықтар
0