Данияр Ақышев

Назарбаев Данияр Ақышевты жаңа қызметке тағайындады

3017
Данияр Ақышев 2015 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін Ұлттық банкті басқарды

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Данияр Ақышев Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалсын", - делінген Назарбаевтың шешімінде.

Бұған дейін Данияр Ақышевтың президент кеңесшісі қызметіне тағайындалғаны хабарланған еді.

Айта кетсек, Ақышев 2015 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін Ұлттық банктің төрағасы болды.   

Данияр Ақышев туралы не білеміз?

Данияр Ақышев 1976 жылғы 25 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады.

  • 1996 – 2003 жылдар аралығындағы кезеңде ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003 – 2007 жылдары аталған департаментті басқарды.
  • 2007 жылғы тамызда ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
  • 2014 - 2015 жылдары президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, сондай-ақ президент көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарды.
  • 2015 жылдың 2 қарашасында ұлттық банктің төрағасы болып тағайындалды.
3017
Кілт сөздер:
тұңғыш президент, президенттің көмекшісі, Назарбаев, Данияр Ақышев
Загрузка...