Архивтегі сурет

Кезектен тыс сайлау: "Нұр Отанның" екі басты үміткері бар саясаттанушы пікірі 

4408
Қазақстан президенті лауазымына үміткерлер саяси партиялардың съезі өткен соң белгілі болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. "Нұр Отан" саяси партиясының президент сайлауына екі басты үміткері бар. Саясаттанушы Максим Казначеев Sputnik Қазақстанға осылай деп пікір білдірді.  

Саясаттанушы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешімді ел күткен деп санайды.

"Сарапшылар қауымдастығы үшін бұл таңғалатын жаңалық болған жоқ. Билікке кезекті сайлау науқаны алдында ұйымдастыру, дайындық жұмыстарын жүргізу үшін екі-үш апта керек болған секілді", - дейді Максим Казначеев.

Оның айтуынша, Қазақстан президенті лауазымына нақты үміткерлер еліміздегі саяси партиялардың съезі өткен соң белгілі болады, олардың аты партия жиынында аталады.

"Әзірге, еліміздегі ірі партия – "Нұр Отанды" алатын болсақ, онда екі басты үміткердің атын атауға болады. Бірі қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев, екіншісі ҚР парламенті сенатының басшысы Дариға Назарбаева деп ойлаймын", - дейді ол.

Сондай-ақ саясаттанушы партия съезі кезінде "Нұр Отаннан" қосымша үміткерлер ұсынылуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

4408
Кілт сөздер:
"Нұр Отан" партиясы, Дариға Назарбаева, Қасым-Жомарт Тоқаев, президент сайлауы
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар президент сайлауы туралы не дейді – видео      
Қазақстанда президент сайлауы науқаны қалай өтеді
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы қалай тағайындалады
Кім Қазақстан президенті бола алады?
Тоқаев президент сайлауына қатыса ма – баспасөз хатшысы жауап берді
"Нұр Отан" президентке кандидаттың есімін қашан жариялайды  
Загрузка...