Нұр Отан партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев отырыс өткізді

Назарбаев кезектен тыс президент сайлауының не үшін қажет екенін айтты

2749
(Жаңартылды 16:29 10.04.2019)
Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының съезін дереу өткізіп, кандидат ұсынуды тапсырды

АЛМАТЫ, 10 сәуір - Sputnik. Кезектен тыс президент сайлауы биліктің заңдылығын нығайтып, еліміздегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет, деп мәлім етті "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Назарбаев партия алдағы сайлауалды науқанға белсенді түрде қатысуы тиіс деді. 

"Кеше (9 сәуірде) Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің заңды құқығын пайдалана отырып, Қазақстан президенті сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Ол биліктің заңдылығын нығайту, еліміздегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет. Енді алдағы сайлауға өз үміткерімізді ұсыну үшін партия съезін өткізу керек. Партия аппараты съезд дайындығына қажетті барлық жұмысты тез арада қолға алуы тиіс", - деді Назарбаев.

Кандидатты ұсынған соң "Nur Otan" партиясы кандидатының қоғамдық сайлау штабының жұмысы ұйымдастырылатын болады.

"Бұл іспен менің бірінші орынбасарым Мәулен Әшімбаев айналысады", - деді Елбасы.

Оған қоса Нұрсұлтан Назарбаев сайлауды еліміздің заңнамасы және барлық демократиялық норма мен қағидаттарға сай өткізу қажеттігіне ерекше назар аударды. 

2749
Кілт сөздер:
Нұр отан, Назарбаев
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Назарбаев ҚХА-ның 25 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді тапсырды
"Алдымызда ауқымды жұмыс тұр" Назарбаев алғашқы жиынын өткізді
Президенттікке кандидаттар отбасының табысын көрсетуі тиіс
Назарбаев қазіргі таңда қандай мәселелерге баса мән беру керек екенін айтты
Қазақ тілін білуі тиіс: ОСК президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарды атады
Назарбаев Данияр Ақышевты жаңа қызметке тағайындады
Загрузка...