Мұнай өндіру

Тоқаев: Мұнайға ғана сеніп, өмір сүруге болмайды

275
(Жаңартылды 13:51 12.04.2019)
Қазақстан президенті халықтың табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартудың маңыздылығын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарының соңында Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесті.

Басқосуға облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес секторлар мен бизнес қоғамдастығының, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық зиялы қауым өкілдері және облыс жастары қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жасаған сапарының маңыздылығын айтып, тарихтың аса жауапты сәттерінде маңғыстаулықтардың ел басшылығына әрдайым қолдау көрсеткенін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне арнайы тоқталды.

"Баршаңыз білесіздер, Елбасы тарихи шешім қабылдап, Қазақстан өркендеудің жаңа сатысына қадам басты. Біз Тұңғыш президент айқындап берген стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыруды одан әрі жалғастыра береміз. Осы жылдар ішінде егемен еліміздің саяси басқару жүйесінде сабақтастық дәстүрді қалыптастырдық. Елімізді одан әрі ілгерілетіп, дамыту – біздің алдымызда тұрған маңызды міндет", – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті экономика өсімін қамтамасыз етудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың, халықтың табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартудың маңыздылығын айтты.

"Тек мұнай саласына ғана сеніп, өмір сүруге болмайды. Қазіргі заманда бұл тиімсіз. Инвестиция – экономикалық өсім мен өңірдің әл-ауқатын арттырудың негізі. Еркін экономикалық аймағымыз, соның ішінде "Ақтау теңіз порты" еркін экономикалық аймағы инвестиция тарту әлеуетіне ие. Сондай-ақ, туризмді дамыту ісі еліміздің перспективасы зор екенін көрсетеді. Бұл салада Маңғыстау облысының бірқатар нақты басымдықтары бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында Қазақстан президенті үкіметке, министрліктерге, әкімдіктерге, даму институттарына ұлттық экономика өсімін қамтамасыз етуге, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, кадрлар іріктеу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ қоғаммен тиімді қатынас орнатуға бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдағаны үшін кездесуге қатысушыларға алғыс білдіріп, баршасына табыс және амандық тіледі.

275
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақтау қаласына не үшін барғаны белгілі болды
Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?
Сарапшы Қазақстанда доллар неге арзандамай жатқанын түсіндірді
"Бұл дұрыс шешім" Назарбаев Қазақстанның экономикалық жағдайына баға берді
Депутаттар, отырыс

Парламенттік оппозиция туралы заң президентке жіберілді

87
(Жаңартылды 11:03 28.05.2020)
Заң жобасы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сенаторлар парламенттік оппозиция туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі отырыста сенаторлар екі заң жобасын қарастырды. Біреуі парламент комитеттерi мен комиссиялары туралы болса, екіншісі парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізуге арналды. Депутаттар екі заңды да бірауыздан қабылдады. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң жобалары ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

"Елімізде демократиялық үрдістерді ары қарай дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға "парламенттік көпшілік" және "парламенттік оппозиция" енгізіліп отыр. Заңмен мәжіліске сайланатын парламенттік оппозицияның өкілеттіліктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды", - деді Әшімбаев.

Ол жаңа заңнамалық нормалар елде парламенттік оппозицияға кепілдік беріп, кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.

Парламенттік оппозиция қалай жұмыс істейді?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, парламенттік оппозиция парламенттік көпшілікке енбейді. Ал саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты басқа позицияны ұстанады. 
Заң жобасында парламенттік оппозицияға мынадай құқықтар беріліп отыр:

  • бір сессия ішінде кемінде бір рет мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасау;
  • парламенттік сессияда кемінде екі рет үкімет сағаттарының күн тәртібін белгілеу;
  • оппозиция мақұлдамайтын үкіметтік заң жобаларына альтернативті заң жобаларын енгізу.

Сонымен қатар, оппозициялық фракциялардың басшылары немесе өкілдері парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, мәжілістің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен басқа да шараларда сөз сөйлей алады.

Ал осы заңға ілеспе заң жобасы бойынша мәжілістің бір тұрақты комитетінің төрағасы тек оппозиция депутаттарының арасынан сайланады. Мәжілістің екі тұрақты комитетінің хатшыларын да парламенттік оппозиция ішінен сайлау ұсынылып отыр.

87
Кілт сөздер:
президент, заң, парламент
Тақырып бойынша
"Саяси реформа жүргізуге құлықсыз": саясаттанушылар парламенттік оппозиция туралы айтты
Әміржан Қосанов билікке таласа алатын жаңа оппозиция құратынын айтты
Депутат парламент алдында төбелес шығарды – видео
Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заңды қабылдады
Парламент көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына қатысты заңды қабылдады
Ақорда, президенттің резиденциясы

Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды

220
Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылманның қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдаған нақты шараларын талқылады. Режеп Тайип Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Тоқаев Ердоғанға қолдау көрсеткені және гуманитарлық көмек ретінде медициналық жеке қорғаныш құралдарын бергені үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттер басшылары аталған саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беруге ниетті екенін нақтылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы маусымда жандануы мүмкін

Сонымен қатар тараптар өзара тауар айналымын ұлғайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, қазақ-түрік қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Әңгіме соңында Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

220
Кілт сөздер:
Режеп Тайип Ердоған, Қасым-Жомарт Тоқаев
Әскерилер, архивтегі сурет

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады 

0
(Жаңартылды 12:48 28.05.2020)
Әскери бөлімдерде сарбаздардың денсаулығын үнемі бақылайтын медициналық қызметкерлер бар. Олар алгоритмге сай жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылғандар он төрт күн карантинге алынып, коронавирусқа тест тапсырады. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ол төтенше жағдай аяқталуына байланысты мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарды запасқа шығару жұмысы басталып кеткенін айтты. 

"Биылғы мерзімді әскери қызметке шақырудың негізгі мақсаты – Қарулы күштер әскери бөлімдерінің қатарына коронавирус инфекциясы бар азаматтарды жібермеу. Себебі ондай жағдай болса, әскери бөлімдердің жауынгерлік жағдайына тікелей қауіп төнеді", - деді Өсербаев онлайн брифингте. 

Айтуынша, қала әкімінің шешімімен медициналық комиссияның құрамына инфекционист дәрігер қосылды. Барлық әскерге шақыру пунктінде медициналық бекет қойылды. Ол жерде әрбір азаматтың дене қызуы өлшеніп, әрі қарай онымен инфекционист сөйлеседі. Егер адамның бойында ауру белгілері байқалмаса, ол әскери комиссиядан өткізуге жіберіледі. 

"Әскерге шақырылғандар әскери бөлімге келгеннен кейін он төрт күнге карантинге алынады. Сол жерде олар коронавирусқа ПТР тест тапсырады. Он күн бойы олар әскери дайындықтан өтіп, жауынгерлік өмірге бейімделеді", - деп түсіндірді ол. 

Әскери бөлімдерде сарбаздардың денсаулығын үнемі бақылайтын медициналық қызметкерлер бар. Олар алгоритмге сай жұмыс істейді. 

Әскерге шақыру пунктерінде күніне екі рет дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп тұрады.

 

0
Тақырып бойынша
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Назарбаев тәуелсіздік алған кезде әскер басқаратын жалғыз генерал тапқанын еске алды
Жаңа бағдарлама: мамырдан бастап әскерилерге баспана алу жеңілдеді
Әскерилер коронавирус індетімен күресуге қауқарлы ма?
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды