Орталық сайлау комиссиясының ғимараты

Президент сайлауы: министрлік ОСК сұраған ақша мөлшерін азайтты

124
(Жаңартылды 14:00 12.04.2019)
ОСК үкіметтен кезектен тыс президент сайлауына 12 миллиард теңге бөлуді сұраған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қаржы министрлігі кезектен тыс президент сайлауына жұмсалатын қаржы мөлшерін азайтты. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы үкіметтен алдағы кезектен тыс президент сайлауына 12 миллиард теңге бөлуді сұраған болатын. Алайда бүгін ОСК министрліктің бірқатар позицияны қолдамағанын атап өтті.

"Қаржы министрлігіне өтінім бергенімізге екі күн болды. Бүгін қорытынды күтіп отырмыз. Бөлінетін ақшаның біз сұрағаннан аз болатынын білеміз. Себебі қаржы министрлігі өз дәлелдерін келтірді, біз олармен келістік", - деді Мұстафина ОСК отырысынан кейін.

Оның айтуынша, қаржы министрлігінің кейбір шығынды қысқартуы өңірлердегі бағаның айырмашылығына байланысты.

Сонымен қатар, Мұстафина шығын сметасының 70 проценттен астамы учаскелік және аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысына жұмсалатынын айтты. Комиссиялардың құрамына бюджет саласының қызметкерлері, зейнеткерлер, өз-өзін жұмыспен қамтушылар, сондай-ақ студенттер де кіреді.

Тағы оқыңыз: Президент сайлауы - әр кандидатқа қанша қаражат бөлінуі мүмкін

Ол алдағы кезектен тыс президент сайлауына 69 509 адам тартылатынын, оның 43 945-і – бюджет ұйымдарының қызметкерлері екенін атап өтті.

Сондай-ақ, шығынның бір бөлігі президенттікке кандидаттың жұмысына, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, сайлау бюллетеньдері мен қол қою парақтарына жұмсалады.

124
Кілт сөздер:
бюджет қаражаты, Қаржы министрлігі, президенттік сайлау, президент сайлауы
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Қазақстан коммунистерінің көшбасшысы Айқын Қоңыровтың өмірбаяны
Дариға Назарбаева кезектен тыс президент сайлауы туралы пікір білдірді
Перуашев партия жетекшілерінің Тоқаевқа қандай өтініш білдіргенін айтты
Министрлік президент сайлауына қанша ақша жұмсалатынын айтты
Президент сайлауына кім түсе алмайды – ОСК жауабы
Загрузка...