Саясат

Тоқаев мемлекеттік сапармен Ташкентке барды

© официальный сайт президента УзбекистанаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев пен Мирзиёев екіжақты құжаттарға қол қойып, брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап береді

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ташкент қаласына келді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

Қазақстан мен Өзбекстанның туы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев Өзбекстан президенті жайлы не ойлайтынын ашық айтты 
Сапар аясында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол  қойылмақ. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған.

Бұған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев  Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Бұған дейін мемлекет басшысы Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары қарсаңында көрші елдің "УзА" ұлттық ақпарат агенттігіне сұқбат берген еді.

 

Жаңалықтар
0