Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Арменияның қамауда отырған экс-президентіне хат жазды

4141
(Жаңартылды 16:14 15.04.2019)
Қазақстанның тұңғыш президенті Кочарянмен бірге істеген жылдарды жылылықпен еске алатынын жазған

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Арменияның қамауға алынған бұрынғы басшысы Роберт Кочарянға хат жолдады, деп хабарлайды РИА Новости.

Назарбаев Арменияның екінші президентіне Қазақстанда болып жатқан белгілі саяси өзгерістер мен процестер туралы баяндаған.

"Бірге жұмыс істеген жылдарды жылылықпен еске алатынын атап өтіп, Кочарянмен байланысты жалғастыруға үміттенетінін білдірген", - деп хабарлады экс-президенттің кеңсесі.

Былтыр жазда Кочарянға 2008 жылы 1 наурызда Арменияда конституциялық құрылымды күштеп құлатпақшы болды деген айып тағылған болатын. Сол кезде ол екі айға қамауға алынды. Алайда Еревандағы апелляциялық сот тиісті шағымнан кейін Кочарянды босатып, қамауға алу туралы шешімнің күшін жойды. Желтоқсанда экс-президент тағы да қамауға алынды.

Тағы оқыңыз: Қарағандыдағы қанды оқиғадан кейін ҚР ІІМ басшысы мен Армения елшісі кездесті

Бірінші инстанциядағы сот Кочарянды қамауда ұстау мерзімін 18 қаңтарда және 15 наурызда екі рет екі айға ұзартты.

Ақпан айында Арменияның тергеу қызметі "конституциялық құрылымды күштеп құлату" туралы іс бойынша алдын ала тергеуді аяқтағанын мәлімдеді. Осыдан кейін бұрынғы басшыға аса ірі көлемде пара алды деген де айып тағылды.

Тағы оқыңыз: Арменияның үкімет басшысы Қарағандыдағы қанды оқиға туралы пікір білдірді

Роберт Седракович Кочарян – Арменияның екінші президенті, елді 1998 жылдың 30 наурызынан 2008 жылдың 9 сәуіріне дейін басқарды.

4141
Кілт сөздер:
хат, президент, Армения, Назарбаев
Тақырып бойынша
Қарағандыдағы төбелес: Күдіктілер арасында Армения азаматтары да бар
Назарбаев кезектен тыс президент сайлауының не үшін қажет екенін айтты
"Табысты мемлекет құра білдік" Назарбаев қазақстандықтарға ризашылығын білдірді
Назарбаев Данияр Ақышевты жаңа қызметке тағайындады
Назарбаев қазіргі таңда қандай мәселелерге баса мән беру керек екенін айтты
Қарағандыдағы төбелес: қашқын Армения азаматына қатысты тың ақпарат шықты
Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті
Назарбаев, Тоқаев пен елорда әкімі қайда дауыс береді
Ұшақ терезесінен қарағанда, архивтегі сурет

Қазақстан Ливияға қару тасымалдаған үш әуекомпанияның жұмысын тоқтатты

36
(Жаңартылды 13:11 23.09.2020)
Біздің елде тіркелген әуе кемелерімен Ливияға қару жеткізу эмбаргосына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі санкцияларының бұзылуы бойынша 2020 жылдың ақпанында Қазақстанға хат ұсынылған болатын

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Ливияға қару жеткізу жөніндегі тыйымын бұзған қазақстандық үш әуекомпания бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрлік бұл жұмыстар "Azee Air" ЖШС, "Sigma Airlines" ЖШС және "Jenis Air" ЖШС-ға қатысты жүргізілгенін хабарлады.

Әуе кемелерінің меншік иелері – Біріккен Араб Әмірліктері (SPACE CARGO INC., AGANYA LTD) мен Британ Виргин аралдарында (LTD "Infinitive Seal Inc.") тіркелген шетелдік компаниялар.

Бұл ұшақтар Таяу Шығыс аймағында шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайдаланылған. Ұшақтардың негізгі базасы Біріккен Араб Әмірліктері болып табылады. Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясы бар елдерге рейстер үшінші елдердің аумағы арқылы жүзеге асырылған.

"Халықаралық тәжірибеге сәйкес, шетелде қалыптасқан тасымалданатын жүктердің сипатын пайдаланушы мемлекет, яғни Қазақстан бақыламайды. Керісінше, ұшу жүзеге асырылатын шет мемлекеттің мемлекеттік органдары жүкті қадағалайды", – делінген хабарламада.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстан Республикасы заңнамасының, ICAO стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесінің талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру жүргізді. Нәтижесінде, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директорының 2020 жылдың 29 мамырдағы №167/1 бұйрығына сәйкес, аталған үш әуе компанияның азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысы сертификатын, соның ішінде "Sigma Airlines" ЖШС сертификатының қолданылуын уақытша тоқтатты.

Оқи отырыңыз: Көп жыл Назарбаевтың ұшағын басқарған пилот Елбасы туралы айтып берді

36
Кілт сөздер:
әуе компаниясы, әуе қатынасы
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар 26 қыркүйектен бастап Мәскеуге ұша алады
Қырғызстанға ұшуға рұқсат берілді: алғашқы рейске билеттер сатылып кетті
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Отандық әуе компаниясы Сауд Арабиясына тұрақты ұшуға рұқсат алды
Bek Air әуе компаниясы рейстерді қай уақытқа дейін тоқтатқаны белгілі болды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында сөйлеп тұрған сәті

Тоқаев БҰҰ-ның саяси дебатында сөз сөйлейді: президент не туралы айтады - видео

84
(Жаңартылды 11:06 23.09.2020)
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының мерейтойлық 75-ші сессиясы Нью-Йорк қаласында өтіп жатыр

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының саяси дебатында сөз сөйлейді, деп хабарлады Ақорда.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік Ұйымның мерейтойлық іс-шарасы аясында БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлейді", - деп жазылған Ақорданың Твиттер-парақшасында.

Президент сөзі қазіргі әлемдегі түйткілді мәселелер мен сын-қатерлерді, соның ішінде коронавирус пандемиясына қарсы күреске, жаһандық экономиканың өсімін қалпына келтіруге, терроризмге қарсы іс-қимыл, ядролық қарудан бас тартуға және таратпауға, климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді шешуге арналмақ.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ынтымақтастық және өзара сенім білдірудегі БҰҰ-ның рөлін күшейтуге назар аударады.

"Мемлекет басшысы 2030 жылға дейін орнықты дамудың күн тәртібін жүзеге асыру, жасыл экономиканы дамыту, Орталық Азиядағы өңірлік іс-қимылдарды жандандыру мәселелеріне мән береді", - деп хабарлады Ақорда.

Дебат барысында Тоқаев елдің ішкі саясатына да қатысты мәселелерді қамтиды, соның ішінде халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының іске асуына тоқталады.

Қазақстан президенті бірқатар халықаралық бастама көтереді, соның бірі бүкіл әлемдегі еріктілердің еңбегін құрметтеуге бағытталған.

Мерейтойлық сессия

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында Біріккен ұлттар ұйымының 75 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі іс-шарада бейнеүндеу жасады. Президент өз сөзінде Қазақстанның БҰҰ миссиясы мен Жарғысын берік ұстанатынын атап өтіп, еліміз тұрақты, әділетті және өркендеген әлем құру жолындағы ортақ міндетті жүзеге асыруға белсенді атсалысатынын айтты.

Біріккен ұлттар ұйымының мерейтойлық сессиясы Нью-Йоркте "Біз қалаған болашақ, бізге керек Біріккен Ұлттар Ұйымы: көпжақтылық жолын ұстайтынымызды растау" ұранымен өтіп жатыр.

84
Кілт сөздер:
видео, Қасым-Жомарт Тоқаев
Дәлізде жүрген дәрігерлер

Тоқаевтың тапсырмасы орындалмай жатыр: мәжіліс министрді есеп беруге шақырды

24
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскен

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәжіліс депутаттарына президенттің коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлем төлеу туралы тапсырмасының орындалуы жөнінде есеп береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісмен Зәуреш Аманжолова үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлемнің уақытылы төленбеу мәселесін қозғады.

Депутат денсаулық сақтау министрлігінің деректерін келтірді. Оған сүйенсек, 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскен, бұл ауырғандардың жалпы санының 19%-ін ғана құрайды. Ал біржолғы әлеуметтік төлем тек 1 830 адамға немесе вирус жұқтырғандардың 14,3%-не төленген.

"Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу жұмысы мүлде нашар. Бүгінге дейін індеттен 197 медицина қызметкері көз жұмса, денсаулық сақтау министрлігінен төлемге тек 38 өтініш қана түскен. Ал өтемақыны алғандар саны небәрі – 25 немесе марқұм болғандардың жалпы санының 12,7%-і", – деді Аманжолова.

Оның айтуынша, министрлік қызметкерлерінің баяулығынан президенттің тапсырмасы дер кезінде орындалмай жатыр.

"Денсаулық сақтау және еңбек министрліктері өзара іс-қимыл алгоритімін уақытылы пысықтамаған. Салдарынан осындай проблемалар туындап отыр. Осы айтылғандарды ескеріп, сізден бұл мәселені жеке бақылауға алуды сұраймыз", – деді депутат.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жақын арада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы мәселе бойынша мәжіліске шақырылатынын айтты.

"Келіп есеп берсін. Президенттің тікелей тапсырмасы жарты жыл бойы орындалмай жатыр. Бұған не себеп? Медицина қызметкерлері алғы шепте жүрді, қиын жағдайда жұмыс істеді. Біреулерінің денсаулығы сыр берді, енді бірі қайтыс болды. Ал тапсырма әлі орындалған жоқ. Таяуда Nur Otan фракциясы министрді шақырып, осы мәселені қарастырады", – деді спикер.

Оқи отырыңыз: 51 медицина қызметкері COVID-тан көз жұмды – 10 млн теңге қалай беріледі 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы 30 наурызда COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион теңге, ал қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуді тапсырды.

Президенттің тапсырмасын орындау үшін 9 сәуірде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем төлеу тәртібі туралы бірлескен бұйрығы шықты.

24
Кілт сөздер:
сақтандыру өтемақысы, өтемақы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Дәрігерлерге тиесілі үстемеақы төлеу кезінде қателік жіберілді
Еңбек министрлігі төлемдерге қатысты ақпарат берді
Төтенше жағдайда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы қалай төленеді
Індет жұқтырған 1 364 медицина қызметкеріне өтемақы төленді – министрлік
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды