Саясат

"Мирзиёевтің арқасы" Тоқаев Өзбекстан президентін неге мақтады

© Sputnik / Рамиз БахтияровҚасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзбек ұлттық агенттігі қазақ тілінде хабар тарата бастады

НҰР-СҰЛТАН. 16 сәуір — Sputnik. Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі 13 сәуірден бастап қазақ тілінде хабар тарата бастады.

Касым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев пен Мирзиёев бірлескен мәлімдеме жасады
Бұған дейін портал өзбек, орыс, ағылшын, француз, неміс, испан, араб және қытай тілдерінде ақпарат таратып келген.

Ұлттық ақпарат агенттігінің қазақ тіліндегі нұсқасы ашылғанын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.   

"Қазақстанның Өзбекстандағы жылы жариялануына байланысты УзА ұлттық агенттігі қазақ тілінде ақпарат тарата бастапты.Бұл бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің арқасы", - деп жазды ол.

​Сайтты мына сілтеме арқылы оқи аласыз: uza.uz/kz 

Айта кетейік, жексенбі күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол  қойылды. Президент сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Жаңалықтар
0