Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев тағы бір жоғары лауазымға ие болуы мүмкін

3770
Тұңғыш президент құрметті төраға лауазымын иеленуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақта құрметті лауазымға ие болуы мүмкін.

Өзбекстан президенті Назарбаевты "ағам" деп, алғысын айтты

29 мамырда өтетін, одақтың бес жылдығына арналған ЕАЭО саммитінде Назарбаев оның құрметті төрағасы болып тағайындалуы мүмкін, деп жазады ресейлік "Коммерсант" газеті.

Назарбаев Арменияның қамауда отырған бұрынғы президентіне хат жолдады

Басылым мәліметіне сүйенсек, одақты құру идеясын о баста Нұрсұлтан Назарбаев ұсынғандықтан, осындай шешім қарастырылып жатыр.

Еуразиялық экономикалық одақ саммиті Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында мамырдың соңында өтеді. Оған ЕАЭО-ға мүше елдердің (Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан) президенттері қатысып, одақтың бес жыл ішіндегі жұмысын талқылайды.

Шыңғыс Айтматов Назарбаевтың саясаты туралы не айтқа?

"Ъ" жазғандай, бұл күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерекше назарда болады.

"ЕАЭО өкілдерінің пайымдауынша, ол одақтың құрметті төрағасы болып тағайындалады", - деп хабарлайды БАҚ.

Айта кетсек, қазір мұндай лауазым жоқ екен, сол себепті Назарбаевтың болашақ өкілеттігі қандай екені әлі белгісіз.

Айсұлтан Назарбаев қажылыққа барды - видео

3770
Кілт сөздер:
лауазым, ЕАЭО, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев ЕАЭО жұмысындағы үш басымдықты айқындады
Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы бола ма? Елбасы жауап берді
"Тағдырыма ризамын": Нұрсұлтан Назарбаев жайлы не білеміз? - фото
ЕАЭО елдерінде бізден жоғары: ең төменгі күнкөріс деңгейі қашан өседі?
Идеядан нақтылыққа: Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың келешегі туралы айтты
Загрузка...