Саясат

Қорғаныс министрі Назарбаевқа Қарулы күштердегі қазіргі ахуалды баяндады

© Sputnik / Тимур БатыршинҚорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан армиясы заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі.

Қазақстан әскері дабыл бойынша көтерілді

Қарулы күштердің дайындығы қалай

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесінің жақында өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы мәлімделді.

Қорғаныс министрі, сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президентіне еліміздің Қарулы күштеріндегі қазіргі ахуал және армияны заманауи қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін қолға алынып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштерді одан әрі дамытуды тапсырды 

Сонымен қатар, Н.Ермекбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысында өтіп жатқан "Айбалта-2019" ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы айтты.   

Жаңалықтар
0