Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея президенті Мун Чжэ Ин

Тоқаев Оңтүстік Корея президентіне сый жасады - фото

833
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті Мун Чжэ Инге ерекше сыйлық тарту етті

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті Мун Чжэ Инге сирек құжаттар мен суреттер жиналған тарихи кітапты сыйға тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оңтүстік Корея президентіне сый

Тоқаев Қазақстанның Корея халқының тарихына құрметпен қарайтынын атап өтті.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент Кореи Мун Чжэ Ин
© Sputnik / Владислав Воднев
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті Мун Чжэ Инге сирек құжаттар мен суреттер жиналған тарихи кітапты сыйға тартты

"Тарихымыздың тағы бір парағынан сыр шертетін кітапты сыйға бергім келеді. Бұл Қиыр Шығыс корейлерінің Қазақстанға күштеп жер аударылуы туралы көбірек мағлұмат алуға көмектесетін бірегей кітап", - деді президент баспасөзге арналған брифингте.

Президенттің айтуынша, кітапта Сталин кезіндегі тоталитарлық жүйе кезеңінде болған қайғылы оқиғалардың сирек құжаттары мен суреттері топтастырылған.

Қазақстан Оңтүстік Корея батырларының сүйегін еліне қайтарды

"Бұл кітап жиырмасыншы ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы корей халқының тарихын тереңірек ұғынуға үлесін қосады деп үміттенемін", - деді Тоқаев.

Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин сыйлық үшін алғыс айтып, Тоқаевтың қолын қысты.

Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапары

Айта кетсек, Корея республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен 21 сәуір күні Қазақстан астанасына келді. Бұл Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға алғашқы сапары.

Тоқаев Ақордада Корея президентін қарсы алды - фото

833
Кілт сөздер:
сыйлық, президент, Оңтүстік Корея, Қасым-Жомарт Тоқаев
Ақорда, президенттің резиденциясы

Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды

36
Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылманның қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдаған нақты шараларын талқылады. Режеп Тайип Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Тоқаев Ердоғанға қолдау көрсеткені және гуманитарлық көмек ретінде медициналық жеке қорғаныш құралдарын бергені үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттер басшылары аталған саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беруге ниетті екенін нақтылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы маусымда жандануы мүмкін

Сонымен қатар тараптар өзара тауар айналымын ұлғайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, қазақ-түрік қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Әңгіме соңында Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

36
Кілт сөздер:
Режеп Тайип Ердоған, Қасым-Жомарт Тоқаев
Компьютер, адамның қолы

Саяси партияларды тіркеу жеңілдеді: Қазақстанда жаңа заң қабылданды

63
(Жаңартылды 17:03 25.05.2020)
Саяси партияларды тіркеу үшін оның құрамында бұрынғыдай қырық мың емес, жиырма мың мүшесі болса жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сайлау туралы" Конституциялық заңға және "Саяси партиялар туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

Енді Қазақстан парламентінде әйелдер мен жастар қатары артады.

"Сайлау туралы" конституциялық заңда саяси партиялар тіркеуге ұсынған партиялық тізімдерде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30% квота енгізілді.

Бұл жастар мен әйелдердің парламентке және жергілікті өкілетті органдарға келуіне ықпал етеді деп күтілуде.

Ал "Саяси партиялар" туралы заңда саяси партияларды тіркеу жеңілдетілді.

Енді саяси партияны тіркеу үшін оның құрамында 40 мың емес, 20 мың мүшесі болса жеткілікті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жеті бірдей саяси партия тіркеуден өте алмады

Жаңа нормалар әйелдер мен жастарды қоғамның саяси өміріне белсене қатысуға, сондай-ақ көппартиялық жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпал тигізбек.

Қос заң да президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

63
Кілт сөздер:
сайлау, партия, заң, Қасым-Жомарт Тоқаев
Иллюстративті фото

Алматыда екі полицейдің өмірін қиған апаттың куәгері: жедел жәрдем кеш келді

0
Блок бекеттегі жантүршігерлік апаттан қаза тапқан Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жақындары кінәліні әділ жазалауды талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Алматыда екі полицейдің өмірін жалмаған апаттың куәгерлері оқиғаның қалай болғанын айтып берді.  

Олардың бірі жедел жәрдем жылдам келмеді деп отыр.   

"Дала шығып едім, төңірек тұманданып кетіпті. Айқай-шу, біреу айқайлап, біреу жылап жатыр. Көмектесіңдер, тәте дәке, бинт беріңізші деді. Матрас әкеліп, баланы шығардық. Біреуін шығара алмадық. Жедел жәрдем кеш келді, жарты сағаттан кейін келді", - дейді куәгер Фарида Сафарова.

Алматыдағы трагедия: ішкі істер министрі полицейлердің отбасына көңіл айтты

Апаттан көз жұмған екі полицейдің де артында аңырап балалары мен жұбайлары қалды. Марқұм Жарас Жанғазиевтің өсіріп отырған екі қызы болса, Дастан Әбдіқановтың сәбиі жақында ғана қырқынан шыққан. Қайғыдан көкірегі қарс айрылған жақындары кінәлілер жазалануы қажет дейді.

"Лайықты жазасын алуы керек, қызметте тұрғандарды аямаған адам халыққа не істемейді. Баламыз таяуда сәбилі болып, қырқынан шығарып, қуанышқа бөленіп отыр едік. Қайғыға соқтырды да кетті. Кінәлі адам жазасын алсын", - деп талап етті Әбдіхановтың жиен ағасы Камал Ұлдаханов.  

Полиция департаменті апат салдарынан тағы бір қызметкердің жарақат алғанын айтты. Ауыр соққыдан Ербұлан Сейдазым есімді азаматтың басына зақым келген. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Еске сала кетейік, трагедия кеше Алматыдағы Көксай шағын ауданында болды. BMW көлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші алдымен блок бекет қоршауына, содан кейін екі полицей отырған патрульдік көлікке соқтығысқан. 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал 26 жастағы екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Ережеге бағынбаған азаматтың ішімдік ішкені расталды. Ол Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Егер кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

0
Кілт сөздер:
полицей, Алматы
Тақырып бойынша
Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды
Полицей Қазақстанның туын алу үшін суға түсті – видео
"Бала-шағам жейтін тамақ жоқ" дейді": полицейлер карантиндегі жұмысы туралы айтты
Ақтау полицейлері балаларды аула ішінде қуу себебін түсіндірді – видео
Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды
Блок бекеттегі апат: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр