Саясат

Назарбаев Nur Otan партиясынан сайлауға түсетін кандидаттың есімін атады

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XIX съезі өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. "Nur Otan" партиясынан алдағы президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев түседі. Бұл шешім туралы съезде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 20 наурызда Қазақстан президенті лауазымын иеленді. Одан бір күн бұрын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы қалай өтті

Президент Тоқаевтың атқарған жұмысы

Қасым-Жомарта Тоқаев 20 наурызда президент лауазымына келгелі бері Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертті, Ресейге ресми сапармен, Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды, сонымен бірге Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инді қабылдады.

Тоқаевты Мәскеуде дұрыс қарсы алды ма – саясаттанушылар пікірі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.

Ажырасқан: Ақорда Тоқаевтың өмірбаянын жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген. КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданған. Әр жылдары сыртқы істер министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі, премьер-министрдің орынбасары, Қазақстанның премьер-министрі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы қызықты деректер

2007 жылы қаңтарда Тоқаев Қазақстан парламенті сенатының төрағасы болып сайланды. 2013 жылдың 16 қаңтарында осы жоғары лауазымға қайта сайланды.

20 наурызда Тоқаев Қазақстан президенті болған соң, сенат төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева болды.

Басқа партиялар кандидатын қашан ұсынады

Еліміздегі басқа да саяси партиялар ертеңнен бастап бірінен соң бірі президенттікке кандидаттарын ұсына бастайды. "Ақ жол" партиясының съезі 24 сәуірде өтсе, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 25 сәуірде жиналады. Қазақстанның коммунистік халық партиясының делегаттары 26 сәуірде бас қосады.

Ал "Бірлік" партиясы уақыт тапшылығына байланысты сайлауға қатысудан бас тартты.

Кезектен тыс президент сайлауы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде ел халқына үндеу жасап, елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Үміткерлерді елімізде тіркелген саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Әр кандидат 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады.

 "Құжаттарын қараймыз" ОСК Тасмағамбетовтің сайлауға түсуіне қатысты жауап берді

Кезектен тыс президент сайлауына үкімет резервінен 9,4 миллиард теңге бөлінетін болды. Қаржының негізгі бөлігі республика бойынша құрылатын 10 мың сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға бағытталмақ.

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Президенттікке кандидат тумысынан Қазақстан азаматы, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы болуы тиіс. 

 Президент сайлауы: үкімет 12 млрд теңгені неге азайтты?

Бұған қоса, президент болып сайлану үшін азаматтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ белсенді сайлау құқығы болуы тиіс.

 Президент сайлауына кім түсе алмайды – ОСК жауабы

Сондай-ақ, Қазақстан президенттігіне ұсынылатын кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі.

Жаңалықтар
0