Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді

4791
(Жаңартылды 12:43 23.04.2019)
Конституциялық кеңес Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтінішін іс жүргізуге қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске Ата Заңның 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініш түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"2019 жылдың 23 сәуірінде Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады", - деп хабарлайды Конституциялық кеңес. 

Тоқаев республика президенттігіне кандидаттарға қойылатын Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұруы туралы талаптың мазмұнын ашуды сұраған. Сондай-ақ Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген кезде елден тыс жерде тұрған уақыт 15 жылдың ішіне кіре ме деген сұраққа жауап берілуі тиіс. 

Заңға сәйкес өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде. 

Тағы оқыңыз: "Nur Otan" партиясынан алдағы президент сайлауына Тоқаев түседі

Айта кетсек, еліміздің астанасында өтіп жатқан "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XIX съезінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев түсетінін мәлімдеді. 

Президент сайлауы - 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 20 наурызда Қазақстан президенті лауазымын иеленді. Одан бір күн бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Қазақстан президенті Тоқаев 9 сәуірде ел халқына үндеу жасап, биыл кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі.

4791
Кілт сөздер:
Конституциялық кеңес, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Қордайдағы жантүршігерлік апат: Тоқаев үкіметке тапсырма берді
"Мирзиёевтің арқасы" Тоқаев Өзбекстан президентін неге мақтады
"Ән өнеріндегі құбылыс" Тоқаев Димашпен қол алысып түскен суретін жариялады – фото
Белсенді президент: Тоқаев бір ай ішінде не тындырып үлгерді?
Тоқаев заңға қол қойды: маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі
Загрузка...