Қытай

Қытай Назарбаевты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады

525
(Жаңартылды 13:43 28.04.2019)
Достық ордені Қытайдың әлеммен ынтымақтастығына зор еңбек сіңірген тұлғаларға беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуiр — Sputnik. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Достық орденімен марапаттады.

Назарбаев жоғары орденмен марапатталған Ресей басшысы Владимир Путиннен кейінгі екінші шетелдік лидер атанды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Назарбаев Достық орденімен марапатталды

Достық ордені – шетел азаматтарына арналған Қытайдың жоғары мемлекеттік наградасы. Бұл Республика орденінен кейінгі екінші, ал басқа елдердің өкілдері үшін бірінші марапат саналады.

Назарбаев Джеки Чанмен не туралы сөйлесті

Достық ордені Қытайды социалистік жаңғыртуға, Қытайдың әлеммен және әлемдегі бейбітшілікті қолдаудағы байланыстары мен ынтымақтастығына ықпал еткен тұлғаларға беріледі.

Назарбаев Бейжіңде 26-27 сәуірде өткен "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысты. Сондай-ақ ол белгілі актер Джеки Чанмен кездесті.

525
Кілт сөздер:
Достық ордені, мемлекеттік наградалар, Қытай, Назарбаев
Тақырып бойынша
Қазақстан Қытайдан қанша қарыз алады – парламент заң қабылдады
"Қытайларға азаматтық берілмесін!" Бішкекте қырғыздар митингке шықты
Қытайдағы үйін сатуға кеткен қандасымыздың басы бәлеге қалды
Назарбаев Қытайға не үшін барғаны белгілі болды
Қазақстанның сыртқы қарызы қысқарды: Қытайдан алған борыш өтелді
Загрузка...