Орталық сайлау комиссиясы

"Шорқақтығын байқатты" президенттікке үміткер қазақ тілінен сүрінді

1258
"Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінің үміткері Жұматай Әлиевті лингвистикалық комиссия екі сағаттан астам уақыт бойы сынады

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. ҚР президенттігіне кандидат Жұматай Әлиев мемлекеттік тілден емтихан тапсыра алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сынақ қорытындысын лингвистикалық комиссия мүшесі Әділ Ахметов жариялады.

"Бүгін "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Жұматай Әлиев емтиханға берілген уақытын толық пайдаланды. Комиссия барлық кезеңдерді жан-жақты талқылады", - деді Әділ Ахметов.  

Тағы оқыңыз: Еспаева қазақ тілінен емтихан тапсырған соң көзіне жас алды

Оның айтуынша, үміткер бірінші кезеңде "Мемлекет және дін" тақырыбына шығарма жазған. Ол шығармада бас-аяғы 13 сөйлемде 19 қате жіберген екен. 

"Тақырып мүлдем ашылмаған, сөйлемдерінің барлығы жүйесіз. Дін мәселесі де мүлдем ашылмады деуге болады, үстірт. Екінші кезеңде Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романының 2-томынан үзінді оқыды. М.Әуезовтің сөзді "қыздың жиған жүгіндей" ғой. Мәтіннің өз әуезі бар. Бұл жерде де өзінің шорқақтығын байқатты. Үшінші кезеңде "Ырыс алды - ынтымақ" тақырыбында баяндама жасады. Тақырып мүлдем ашылмады. Сауатсыз болды. Сегізден астам қате жіберілсе, шығарма теріс бағаланады. Сондықтан президенттікке үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген комиссия қорытындысы шықты", - деді ол. 

Жуматай Алиев
© Photo : официальный сайт Мажилиса
Жұматай Әлиев

Жұматай Әлиев туралы не білеміз

Жұматай Әлиев – V шақырылымдағы парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты.

Ол 1952 жылдың 20 маусымында Жамбыл облысы Байқадам ауылында дүниеге келген. Ленинград мемлекеттік университетін философ, ал Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітіреді. Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ӘҒА академигі, ХАА академигі.

Еңбек жолы

Университетті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік медицина институтында мұғалім болып еңбек еткен.

Әр жылдары Орталық Азия университетінің президенті, ректоры, ҚР президенті әкімшілігі қоғамдық-саяси бөлімінің сектор меңгерушісі, президент әкімшілігі әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

2012–2016 жылдары бесінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты болды.

Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.

Қазақстан президенттігіне үміткерлер

Мемлекет басшысы болғысы келетін сегіз кандидаттың есімі белгілі болды, олар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев  – Nur Otan партиясынан;
  • Дәния Еспаева – "Ақ жол" партиясынан;
  • Жамбыл Ахметбеков – Қазақстан коммунистік халық партиясынан;
  • Төлеутай Рақымбеков – "Ауыл" партиясынан;
  • Сәдібек Түгел –"Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінен;
  • Амангелді Таспихов – Қазақстан кәсіподақтары федерациясынан;
  • Әміржан Қосанов – "Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалысынан;
  • Жұматай Әлиев - "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен.
1258
Кілт сөздер:
емтихан, мемлекеттік тіл, үміткерлер, президенттік сайлау
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Алғашқы әйел үміткер: Дания Еспаева туралы не білеміз?
Перуашев президент сайлауына неге түспегенін айтты
Президент сайлауы: соңғы минуттарда тағы бір кандидат құжат тапсырды
"Сайлауға түспейтін болдым" Кандидаттардың бірі ойынан айнып қалды
Жүрсін Ерман: елімізді әйел басқаратындай не күн туды?!
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіруді талқылауға қатысушылар

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

892
(Жаңартылды 17:59 08.08.2020)
Түркияның Қазақстандағы елшісі сыртқы істер министрлігіне шақырылып, түрік тарапының шешімі туралы ел үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Анкара қаласында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында бірлескен іс-шаралар қабылдауға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Сондай-ақ, қазақстандық тарап Түркия үкіметіне пандемия кезінде елімізге көрсеткен ізеттілік көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түрік тарапын COVID-19 індеті бойынша еліміздің қазіргі жағдайы туралы ақпараттандырды. Ол Қазақстандағы ахуал тұрақталғанын және бақылауда екендігін атап өтті.

"Келіссөздер нәтижесінде Түркия денсаулық сақтау министрі Қожа аталған мәселені өз еліндегі коронавирус індетімен қарсы күрес жөніндегі ғылым кеңесінің келесі отырысының күн тәртібінде талқылауға қайта шығаратынына сендірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы оң динамиканың жалғасуын ескере отырып, бұл мәселе жуық арада өз шешімін табады деп үміттенетінін жеткізді", – делінген хабарламада.
Казахстан и Турция обсудили вопросы возобновления авиасообщения
© Photo : Пресс-служба МИД Казахстана
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

Сонымен қатар, 7 тамызда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлұмен Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерді тоқтата тұру мәселесі бойынша телефон арқылы сөйлесті.

Оқи отырыңыз: "Өкінішпен естідім": Түркия президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады

Түркия сыртқы істер министрі бұл шешім бауырлас халықтардың екіжақты қарым-қатынасына байланысты емес екеніне және тұрақты рейстерді қайта бастау туралы шешім мемлекеттік комиссияның келесі отырысында қаралатынына сендірді.

Оған қоса, сыртқы істер министрлігіне Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи шақырылып, түрік тарапының осындай шешімдері туралы Қазақстан үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді.

892
Кілт сөздер:
Қазақстан, Түркия Республикасы, әуе қатынасы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
"Қазақстандықтардан басқа ешкім жоқ": Түркия шекараны ашты
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды
Ресей мен Грузия арасында тікелей әуе қатынасы тоқтатылды
Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады – Ресей елшілігі
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады
Ақорда

Тоқаев елшіні қызметінен босатты

13280
(Жаңартылды 13:33 07.08.2020)
Андриан Елемесов Мексикадан бөлек Қазақстанның Панама, Коста-Рика, Доминикан Республикасы мен Ямайкадағы елшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Андриан Елемесовті Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Біріккен Мексика штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Доминикан Республикасындағы, Ямайка, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Андриан Елемесов туралы не білеміз?

Андриан Көпмағамбетұлы 1963 жылы 10 шілдеде дүниеге келді.

1985 жылы Қазақ химиялық технологиялар институтын бітірген. Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері мен сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясының жанындағы құрылымдық бөлімше жетекшілеріне арналған курстардан өткен.

Ол 2015 жылдың тамыз айында Мексикада мен Панама, Коста-Рика, Доминикан Республикасындағы, 2018 жылдың қыркүйек айында Ямайкадағы төтенше және өкілетті елші болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Экс-елші Лукашенко Назарбаевтың отставкасы туралы не дегенін айтты

2008 жылы Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін Кавалер орденімен марапатталған.

13280
Кілт сөздер:
Қазақстан елшісі, елші
Тақырып бойынша
АҚШ Қазақстандағы биліктің ауысуы туралы не дейді – елші айтып берді
Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады
Пиджагін шешіп, бір қолға тұра қалған елші президентті күлдірді - фото
Тасмағамбетовтің орнына келген жаңа елші туралы не білеміз?
Қазақстан және Ресей: Елші әріптестіктің басты бағыттарын атады
Нұр-Сұлтан қаласында Абай бейнеленген мурал

Қазақстанда 10 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 10 тамыз бен 11 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

10 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Қазақстанда 10 тамыз Абай күні болып жарияланды.

15.00 – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Абай академиясы" сериясымен жарық көрген ұлы ақын туралы 12 кітаптың тұсаукесері өтеді.

14.00 – "Пандемия кезіндегі ТМД елдерінің киноиндустриясы" тақырыбында Мәскеу – Нұр-Сұлтан – Ереван – Кишинев арасында өтетін бейнекөпір. Мәскеуден қатысушылар: Ресейдің халық әртісі, режиссер Владимир Хотиненко; "ВГИК-дебют" продюсерлік орталығының бас директоры, режисер Федор Попов; Ресейдің халық әртісі, С.А.Герасимов атындағы ЖМКИ актерлік шеберхана жетекшісі және оқытушысы Александр Михайлов; режиссер, актер Александр Цой. Шара аясында олар кино саласының өкілдері кездесетін қиындықтар мен ТМД студенттерінің ЖМКИ-ге қабылдау ерекшеліктері туралы айтады. Сондай-ақ, биылғы курсқа шеберлердің қабылдауы қалай өткенін баяндап, басқа сұрақтарға да жауап береді. Брифинг Sputnik Қазақстан сайтында, сондай-ақ агенттіктің Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

19.00 – "Абай" операсы, "Астана Опера" театры (Трансляция TengriTV-де).

11 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Суретші Зарина Тайсенгірованың "Махаббат. Showing inside" жеке виртуалды көрмесі. Бағыты: романтизм, сюрреализм, абстракция, реализм, неореализм, портрет, графика. (Трансляция Алматы музейінің Instagram-дағы ресми парақшасында – @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар