Саясат

Көпті мазалаған сұрақ: Қытайға неге Тоқаев емес, Назарбаев барғаны белгілі болды

© Photo : Официальный сайт президента РКЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпин
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абаевтың айтуынша, Назарбаев Қытайға құрметті қонақ ретінде шақырылған екен

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Бейжіңдегі форумға неліктен Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр Назарбаевтың Бейжіңге "Бір белдеу, бір жол" форумының құрметті қонағы, сондай-ақ Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің досы ретінде шақырылғанын атап өтті.

"Бәріміз білетіндей, ескі достыққа деген құрмет – Қытай билеушілерінің ежелгі дәстүрі", - деді Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында.

Сонымен қатар, ол "Бір белдеу, бір жол" жобасы туралы алғаш рет Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында айтылғанын еске салды.

"Сізді бүкіл әлем біледі" Назарбаев Джеки Чанмен кездесті – фото

"Елбасының басшылығымен біздің еліміз бұл бастаманы жүзеге асыруда жетекші рөлге ие болып келеді", - деді министр.

Сондай-ақ, Абаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайда жоғары "Достық" орденімен марапатталғанын атап өтті. Шетелдік көшбасшылардың ішінде бұл орденмен Владимир Путин ғана марапатталған болатын, деді ол.

Қытай Назарбаевты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады

Еске сала кетсек, 26 сәуірде Бейжіңде "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастық форумы өтті. Форум аясында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

Жаңалықтар
0