Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев

Тоқаевтың сайлауалды штабы үгіт-насихатқа "подписчигі" көп жұлдыздарды тартпақ

567
Тоқаевтың сайлауалды штабы әлеуметтік желілерді бөлек бағыт ретінде қарастырып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желілер Қазақстандағы сайлауда алғаш рет үлкен рөл ойнайды. Бұл туралы бүгін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент сайлауының ерекшелігі

Әшімбаев биылғы президент сайлауының үлкен бір ерекшелігін атады.

"Қазақстандағы сайлауда алғаш рет әлеуметтік желілер өте үлкен рөл ойнайды. Сондықтан қоғамдық штабтың қызметі аясында біз әлеуметтік желілердің жұмысына басымдық беретін боламыз",- деді Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының құрылуына арналған брифингте.

Тағы оқыңыз: Тоқаев үгіт-насихат кезінде президенттік өкілеттігін тоқтата ма?

Ол биыл штаб әлеуметтік желілерді бөлек бағыт ретінде қарастырып отырғанын атап өтті.

"Өйткені бүгінде қоғамдық пікірді қалыптастыруда әлеуметтік желілердің рөлі өте үлкен. Бұрынғы сайлауларда желілер мұндай рөл ойнамағаны белгілі. Сондықтан осы сайлаудың үлкен бір ерекшелігі деп айтсақ, артық болмайтын шығар", - деді партия төрағасының орынбасары.

Әшімбаев әлеуметтік желіде үгіт-насихат заң аясында жүргізілетініне сендірді.

Үгіт-насихатқа жұлдыздар тартылады

"Қоғамдық штабтың жастар қанатын құрып жатқанымызды айттым. Жастар қанатына кандидаттың сенімді өкілі болған еліміздегі танымал жұлдыздар, журналистер, спортшылар кіреді. Сенімді өкіл ретінде олар өз парақшаларында сайлауалды үгіт-насихат жүргізе алады. Үгіт-насихат жұмыстарына қатысқаны үшін олар ақша алмайды", - деді ол.

Бірақ, айтуынша, егер қандай да бір платформалар, пабликтер тартылатын болса, сайлау заңнамасына сәйкес ақша төленеді.

Осы орайда Әшімбаев әлеуметтік желілерде "жазылушысы" көп танымал жастарды атады.

"Қайрат Нұртасты айта аламын, менің білуімше, оның миллионнан астам "подписчигі" бар. Бұдан басқа әртістеріміз, спортта жүрген жұлдыздарымыз бар, әрқайсысының 10, 20, 30 мың "подписчигі" бар. Өз парақшаларында кандидат туралы ой-пікірін білдірсе деген өтініштеріміз болады", - деді ол.

Айта кетсек, Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабына 187 адам кіріп отыр. Олардың арасында белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал спортшылар, депутаттар бар.

Бүған қоса, штаб жанынан алғаш рет жастар қанаты құрылған. Оның құрамында Қайрат Нұртас, Құралай Анарбекова, Әйгерім Есенәлі және тағы басқа танымал жұлдыздар бар. Тоқавтың республика бойынша барлығы 19,5 мыңнан астам сенімді өкілі болады.

Кезектен тыс президент сайлауы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде ел халқына үндеу жасап, елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі.

Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады.

567
Кілт сөздер:
президент сайлауы, жұлдыздар, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Президент сайлауы: соңғы минуттарда тағы бір кандидат құжат тапсырды
"Шорқақтығын байқатты" президенттікке үміткер қазақ тілінен сүрінді
Нұртас, Ислам және Еслямова: Тоқаевтың сайлауалды штабына тағы кімдер кірді?
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне үшінші кандидатты тіркеді
"Сайлауға түспейтін болдым" Кандидаттардың бірі ойынан айнып қалды
Үкімет үйі

"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты

1217
(Жаңартылды 15:26 10.07.2020)
Президент кез келген дағдарыс әрбір басшының кәсіби біліктілігін анықтайтын сынақ екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ашығын айтайын: осы отырысқа дайындалып жүргенде маған кейбір өңірлердің, ведомстволардың бірінші басшыларын жұмыстан шығаруға, тіпті бүкіл үкіметті отставкаға жіберуге кеңес берді. Мұндай шешімді қоғам жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз деді. Бірақ, маған ұпай мүлде керек емес. Мен жауапты адамдарды тыңдауға және құлақ асуға дайынмын, бірақ көпшілік алдында ойнамаймын. Бұған жасым да, лауазымым да сай емес", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Ол кейбір әкімдер сөгіс пен ескерту алғанын еске салды. 

"Жалпы мұндай жазаға басқа облыстардың немесе министрліктердің басшылары лайық шығар. Бірақ біз қазір әлеуметтік-экономикалық дамудың қатерлі кезеңінде тұрмыз. Одан әрі ушыға беретін дағдарыстан шығу үшін үкімет пен әкімдер батыл әрі жанкешті іс-қимыл жасауы қажет. Бұл әлемдік экономикаға қатысты болжам, ал Қазақстан оның бір бөлігі", - деді мемлекет басшысы. 

Ол мемлекеттік органдардың барлық шешімі халыққа және ұлттық экономикаға арналуы тиіс екенін атап өтті. Орындаушылардың қателіктері, қағазбастылыққа жол беруі қарапайым адамдардың әл-ауқаты мен денсаулығына зиян келтіреді.

"Кез келген дағдарыс – әрбір басшының кәсіби біліктілігін анықтайтын сынақ. Осыны есте сақтаңыздар", - деді Тоқаев.

Айта кетсек, 10 шілдеде президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындалатын міндеттер қаралды.

 

1217
Кілт сөздер:
отставка, үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты
Мемлекет басшысы жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қозғады
Президент халықты қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды
Тоқаев министрлер мен әкімдерге: демалысты ұмытыңдар
Президент екінші Жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

480
(Жаңартылды 10:35 10.07.2020)
Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сағат 11:00-де видео байланыс арқылы үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.

Жиында үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.  

"Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, мемлекет басшысының үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады", - деп жазды ол.

Президенттің баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды.

Оқи отырыңыз: Президент денсаулық сақтау саласында тергеу жүргізілетінін мәлімдеді 

Қазақстандық саясаттанушылар Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Тоқаев үкіметтің бірлескен отырысында кадрлық тағайындаулар жасайды деп болжаған еді.   

480
Тақырып бойынша
Президент дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қай кезде шешілетінін айтты
Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды
Тоқаев үйде көмек көрсететін мобильді топтардың саны артатынын хабарлады
Тоқаев "Астана" қаржы орталығының артықшылығын атады
Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды
Дәрігерлер, архивтегі сурет

Айнұр Тұрсынбаева желіде жазба жариялады - басы дауға қалған компания жауабы

264
(Жаңартылды 22:10 10.07.2020)
Бүгін Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан жиналған ақшаға Түркияда 125 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынғанын жариялады. Алайда оны жеткізу мен таратуда қиындық туындағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. "СК-Фармация" компаниясы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"СК-Фармацияның" баспасөз қызметі компания гуманитарлық көмекті қабылдаудың бірыңғай операторы болып саналатынын жеткізді. Алайда қайырымдылық көмек тек компания арқылы жасалуы керек деген шарт жоқ. Қайырымдылық жасайтын адамдар оны өздігімен де жасай алады. 

"СК-Фармацияны" гуманитарлық көмекті қабылдаудың бірыңғай операторы ретінде белгілеудің негізгі мақсаты – медициналық препараттар мен бұйымдарды тарату және дер кезінде жеткізу. Ондайда дәрі-дәрмектерді сақтау мен тасымалдаудың өзіндік талаптары болады. Ол үшін компанияда логистикалық желі бар. Бұдан бөлек, "СК-Фармацияның" құрылымдық бөлімшелері медициналық препараттарды кедендік рәсімдеу мен рұқсат құжаттарын алуға көмектеседі. Алайда бұның барлығы басқа адамдардың біреуге көмек көрсетуіне шектеу бола алмайды", - дейді мамандар. 

Айта кетсек, бүгін Айнұр Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан жиналған ақшаға Түркияда 125 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынғанын жариялады. Алайда оны жеткізу мен таратуда қиындық туындағанын айтты. 2 тонна жүкті тұтас жеткізетін мүмкіндік болмаған. Осыған орай, айтыскер президенттен, денсаулық министрі мен қорғаныс министрінен көмек сұрады. Ол тыныс алу аппараттарын Қазақстанға жеткізгеннен кейін тарату жұмысын өздеріне тапсыруды сұрады. Себебі СК "Фармация" компаниясына сенім жоқ екенін айтты.

"Біз алған аппаратты Қазақстанға барған соң СК "Фармация" деген мекеме қабылдап алады. Ол мекемеге халық та, халықтан ақша жинаған белсенділер де сенбей отыр. Осы аппараттарды таратудың билігін өзімізге берсеңіздер екен. Қорғаныс министрлігі арнайы ұшақ жіберсе, тұтас апаруға болады", -дейді Тұрсынбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Оның сөзіне қарағанда, Түркиядағы зауытпен екі аптада арзан бағаға 500 аппарат сатып алуға келісім жасалған. Оның ақшасын да жинауға мүмкіндік бар. 

Тыныс алу аппаратарына ақша жинауға көмектесіп жүрген блогер Дәулет Төлеутайұлы да өз парақшасы арқылы бейнеүндеу жолдады. Оның айтуынша, 125 аппараттың ақшасы бір күнде жиналды. Ал вице-министр Людмила Бюрабекова ондай көмекті жеткізудің тәртібін түсіндірген.  

"Маған вице-министр Людмила Витальевна хабарласты. Ол маған елдегі заңды түсіндірді, яғни, заң аясында сол "СК-Фармация" қабылдайды екен немесе әрбір елдімекеннің әкімшілігімен біз келісімшартқа отыруымыз керек екен. Бұның барлығы уақыт алады, бюрократия. Бүгінде "СК-Фармация" халықтың сенімінен айырылып отыр. Біз 125 аппаратты 125 елдімекенге таратқанда 125 әкіммен келісімшарт жасасақ, уақыт жоғалтамыз", - дейді Төлеутайұлы.  

264
Кілт сөздер:
медицина, компания, желі, Айнұр Тұрсынбаева
Тақырып бойынша
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады
Тоқаев үкіметтің бастамасы туралы: жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді
Пневмониясы барларға қалай дұрыс жату керек – пульмонолог кеңесі