Дания Еспаева

Орталық сайлау комиссиясы ел тарихындағы алғашқы әйел кандидатты тіркеді

288
(Жаңартылды 17:17 04.05.2019)
Дания Еспаеваны "Ақ жол" партиясы президенттікке кандидат ретінде ұсынды   

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Дания Еспаеваны президенттікке кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенбі күні Орталық сайлау комиссиясында Дания Мәдиқызы Еспаеваны Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулының жобасы қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, Дания Еспаева "Ақ жол" партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, оның құжаттары ОСК-ге 25 сәуірде тапсырылды. Кейіннен ол мемлекеттік тілден емтиханды сәтті тапсырды.

Кандидат Еспаева қазақ тілінен емтихан тапсырған соң көзіне жас алды 

Дания Еспаеваны қолдау мақсатында Қазақстанның 17 өңірінен 144 098 адамның қолы жиналды, оның 139 541-і есепке алынды.  

ОСК талабына сәйкес, кандидатты қолдауға кем дегенде 118 140 адамның қолын жинау керек. Осылайша, ОСК отырысының қорытындысы бойынша Еспаеваны президенттікке кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады.   

288
Кілт сөздер:
президент сайлауы, Дания Еспаева
Тақырып бойынша
Кандидат Еспаева қазақ тілінен емтихан тапсырған соң көзіне жас алды
Әміржан Қосанов президент сайлауына түсетінін мәлімдеді
Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" партиясынан кандидаттың құжаттарын қабылдады
Президент сайлауы: соңғы минуттарда тағы бір кандидат құжат тапсырды
"Сайлауға түспейтін болдым" Кандидаттардың бірі ойынан айнып қалды
"Ауыл" партиясынан сайлауға кім түсетіні белгілі болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев "Астана" қаржы орталығының артықшылығын атады

151
(Жаңартылды 18:18 08.07.2020)
Мемлекет басшысының айтуынша, халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның инвестициялық бағдарламасының тиімді жүзеге асуына атсалысады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) сотының жаңадан тағайындалған төрағасы Лорд Манстың ресми ант беру рәсіміне онлайн форматта қатысты, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде, Қазақстан халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, кәсіби және тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Осы орайда тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотын құру арқылы еліміз сот жүйесіндегі құрылымдық реформаларға бейілді екенін тағы бір мәрте анық айқындап отыр.

Сондай-ақ, Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты Қазақстанда жұмыс істеп жатқан немесе елімізге келуді жоспарлап отырған инвесторларға әлемдегі барлық ірі қаржы орталықтарындағыдай лайықты соттармен, сот процесстерімен, тәжірибесімен және стандарттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне тоқталды.

"Жалпы құқық бойынша тәжірибелі соттар өздерінің бейтараптылығымен, әділдігімен және бармақ басты, көз қыстыға көнбейтіндігімен танымал. Сондай-ақ олар сот жүйесінің тұрақтылығы мен құқық бұзылмауының кепілі", – деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, пандемия мен мұнай бағасының құлдырауынан туындаған қазіргідей дағдарыс кезінде ел экономикасын қайта қалпына келтіру жұмысында, инвестиция тарту барысында "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызы арта түскен. 

"АХҚО сенімді қаржылық платформа ұғымының синониміне айналып, шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін арттыруы керек. Өз кезегінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызды бөлігі ретінде қаржы орталығының тәуелсіз сот жүйесінің жалпы құқық бойынша сотына АХҚО-ның қызметінде ерекше рөл атқарады. Соған сәйкес Қазақстанның инвестициялық бағдарламасының тиімді жүзеге асуына атсалысады", – деді мемлекет басшысы. 

Оқи отырыңыз: Пандемия дәстүрді бұзды – Тоқаев Астана күніне арналған шараға бармады

Шара соңында Қазақстан президенті Лорд Вульфке қаржы орталығының сот жүйесін құру барысында сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, Лорд Мансқа АХҚО сотының төрағасы ретіндегі жұмысына табыс тіледі.

151
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, "Астана" қаржы орталығы
Тақырып бойынша
Қазақстанда Назарбаевқа ескерткіш ашылды: Тоқаев сөз сөйледі
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото
Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды
Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат берді

2426
(Жаңартылды 08:42 07.07.2020)
Қазақстанның тұңғыш президенті деректі фильм аясында сұхбат беріп, өзінің саяси карьерасы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде - Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің арманын бөлісті.  

"Хабар" телеарнасында  "Пусть следующие поколения сделают лучше меня" деп аталатын деректі фильм жарыққа шықты. Елбасы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңі туралы сөз қозғады.

20 жылға кейін оралу мүмкіндігі болса, өз-өзіңізге не деп айтар едіңіз деген сауалға Назарбаев арманым орындалды деп жауап берді.

"Бұл сауалға қысқа жауап қайыра аламын. Мен өз арманын орындаған адаммын. Қолымнан келген нәрсенің бәрін жасадым. Келесі ұрпақ менен де артық жасасын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол кез келген саясаткер үшін мақсатқа жету маңызды екенін атап өтті. 

"Ойладың, жоспар құрдың және орындадың - бұл саясаткер үшін бақыт", - деді Елбасы.

Тағы оқыңыз: Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты

2426
Тақырып бойынша
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
"Бүкіл ауыртпашылығын сезіндім": Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы туралы айтты
Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео
Назарбаев туған күнінде қазақстандықтарға үндеу жасады – видео
"Мен таңғалған жоқпын": Горбачев Назарбаев туралы сұқбат берді
Жайылымда жүрген сиырлар, архивтегі сурет

Моңғолия мен Қытайда өршіген оба Қазақстанға қауіп төндіре ме

0
Қазақстан азаматтары Моңғолия мен Қытайда обаның өршуіне байланысты алаңдаушылық танытып, әлеуметтік желілерде ақпарат таратуда

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Моңғолия мен Қытайда оба өршіді. Арнайы түсініктеме берген ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық шаралар мен азық-түлік қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Салтанат Әбілқасымова Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай обаның өршуіне әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тарихи аумақ тұрғысынан алғанда Қазақстан жануарлар обасының таралуы үшін қолайлы болып тұр. Сондай-ақ, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы бүкіл әлемде ірі қара обасының жағдайын қауіпсіз деп таныды. Барлық елдерде мұндай мәртебе бар",– деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар, Қазақстан африкалық шошқа обасы бойынша қауіпсіз ел мәртебесіне ие болғанын атап өтті.

"Мемлекеттік ветеринарлық инспекция бірқатар бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ профилактикалық шаралар мен диагностикалық сынақтарды жүргізеді. Аурудың алғашқы белгісі анықталғаннан бері жағдай бақылауда",– деп түйіндеді Әбілқасымова.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында ауыл тұрғындарының сиырын ауру деп әкетіп жатыр

Бұған дейін Қытай билігі Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында қойшының бубон обасымен ауырғаны туралы хабарлады. Ал Моңғолияда аталған ауруға күдіктенген үш жағдай анықталды.

Айта кетейік, бубон обасы бактериядан туындайды және антибиотиктермен тиімді емделеді.

0
Кілт сөздер:
Қытай, Моңғолия
Тақырып бойынша
ЕАЭО мен Қытай шекарасы арқылы тыйым салынған тауарларды өткізуге бақылау күшейеді
Моңғолия президенті барлық зейнеткердің кредитін жауып берді
Ірі қара малдың 2 мың терісі тиелген жүк көлік Қырғызстан шекарасында тоқтатылды
Ақтөбе облысында асыл тұқымды ірі қара мал неден қырылып қалды?
Байқоңыр маңында оба анықталған жоқ