Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

"Премьерді де жауапқа тарттық" Тоқаев жемқорларды не күтіп тұрғанын айтты видео

7800
Президент елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес кең қанат жайып келе жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik.  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлық мәселесіне қатысты пікірін білдірді.

"Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе. Біздің елімізге келер болсақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасуда және кең қанат жайып келеді", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жақында тиісті ведомствоның басшысын қабылдап, осыған байланысты жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.

Мәслихат депутаты 200 мың АҚШ долларымен ұсталды – видео

"Жалпы сандық және сапалық тұрғыдан алғанда жазалау жөнінен Қазақстан әлемде көш басында тұрған елдердің бірі. Байқасаңыздар, мемлекеттік қызмет жүйесінде жоғары лауазымды адамдар жауапқа тартылған. Олардың арасында премьер-министр, бірқатар министрлер, ведомство басшылары және басқалар бар. Басқа қай елде мұндай жағдай болды? Айту қиын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөз соңында осы жүйелі мәселені шешу үшін күш-жігерін барынша жұмсауға уәде берді.   

 

7800
Кілт сөздер:
видео, Қасым-Жомарт Тоқаев, жемқорлық
Тақырып бойынша
380 мың теңге пара алып отырған: Түркістан облысында басқарма басшысы ұсталды
Ақтауда чемпион шенеунік қамауға алынды: істің мән-жайы
Аса ірі көлемде қаражат қымқырған қазақстандық елші кепілмен босатылды
Вице-министрлер, полицейлер мен жауапты хатшы: 2018 жылдың парақорлары кімдер?
Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды
Қазақстанның премьер-министрлері: үкіметті әр жылдары кім басқарды - фото
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы жаңа елшілерді тағайындады

38
(Жаңартылды 11:20 22.05.2020)
Мемлекет басшысы екі елшіні жаңа дипломатиялық лауазымдарды қоса атқарушы қызметіне тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды  

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы елшілерді тағайындады.

Қазақстанның Индонезиядағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов Қазақстанның Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, Қазақстанының Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Арыстанов Қазақстанның Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бірнеше елшіні қызметінен босатты

Данияр Сарекенов дипломатиялық еңбек жолын 1993 жылы сыртқы істер министрлігінде атташе қызметінен бастады. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. Кейінірек, сол жылы ол Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болды, бұл қызметті 2019 жылға дейін атқарды.

Аркен Арыстанов әр жылдары қаржы саласында еңбек етті. 2011-2013 жылдары "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болды. 2014-2019 жылдары – Қазақстанның Франциядағы елшілігінде инвестициялар жөніндегі кеңесші.

2019 жылы ол Қазақстанның Сингапур мен Жаңа Зеландиядағы елшісі болып тағайындалды.

38
Кілт сөздер:
елші, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді
Қазақстанның Қытайдағы елшісі ауысты
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев Марат Тәжинді "Барыс" орденімен марапаттады
АҚШ президенті Дональд Трамп

Трамп АҚШ Ашық аспан келісімшартынан шығатынын жариялады

83
(Жаңартылды 10:04 22.05.2020)
Егер ештеңе өзгермесе, Америка Құрама Штаттары үшін келісімшарттың әрекет ету мерзімі жарты жылдан кейін аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп өз елінің Ашық аспан келісімінен шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастамыз деп ойлаймыз, бірақ олар келісімшартты ұстанбады. Сондықтан біз шығамыз. Бірақ бізде жаңа келісімге қол жеткізуге немесе осы келісімшартты бірге қайтару үшін бір нәрсе жасауға болатын жақсы мүмкіндік бар", - деп хабарлады Трамп.

Оқи отырыңыз: Ресей АҚШ-қа гуманитарлық көмек жіберді 

Мемлекеттік хатшы Майк Помпео кейінірек Вашингтон келісімнен алты айдан кейін шығатынын мәлімдеді. Ол Штаттар Ресей келісімшартты "қайта сақтай бастаған" жағдайда ғана шешімін өзгертуі мүмкін екенін атап өтті.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеу ешқандай заңбұзушылыққа жол берген жоқ деп жауап берді.

"Біз кейбір техникалық проблемалардың болуын осы іргелі келісімнен шығуға себеп қылуды құптамаймыз. АҚШ Ресей тарапынан заңбұзушылық ретінде көрсетуге тырысып жатқан осы техникалық мәселелерді талқылауды одан әрі жалғастыруға ештеңе кедергі емес", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко.

Грушко Ашық аспан келісімшарты 20 жылдан астам уақыт ішінде Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдағанын және "барлық элемент өзара байланысты болатын әскери қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болды" деп атап көрсетті.

Вашингтон бұған дейін Мәскеудің 2019 жылдың қыркүйегінде АҚШ-Канада миссиясының ұшуына рұқсатты кері қайтарып, келісімшартты бұзғанын мәлімдеген. Ресей бұл айыптауларды жоққа шығарып, заңбұзушылық АҚШ тарапынан болғанын көрсетті. Атап айтқанда, 2016 жылы Вашингтон аралық аэродромдардың қажетті санын беруден бас тартып, ресейлік ұшақтардың қауіпсіз келуін қамтамасыз етпеген.

Ашық аспан келісімшарты

1992 жылы қол қойылған құжат қырғи қабақ соғыстан кейін Еуропадағы сенімді нығайту шараларының бірі болды. Ол 2002 жылдан бері жұмыс істейді және қатысушы елдерге бір-бірінің қарулы күштері мен іс-шаралары туралы ашық ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Келісімге 34 мемлекет қол қойды.

83
Кілт сөздер:
келісім, Ресей, АҚШ
Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып өтпек болды

Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды

60
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол апатын жасаған жүргізуші мас болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Алматыдағы блок бекеттердің бірінде жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Трагедия дүйсенбі таңертеңгі сағат 05:26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында болды. Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан "BMW" маркалы автокөліктің жүргізушісі, 1992 жылы туған А.есімді қала тұрғыны №4 бақылау-өткізу бекетіне соқтығысқан.

Оқи отырыңыз: Блок бекеттер әзірге алынбайды – денсаулық сақтау министрлігі   

Алдымен бетон қоршауға барып тиген, содан кейін инерциямен патрульдік көлікке соқтығысқан, оның салонында екі полиция қызметкері отырған. Өкінішке қарай, патрульдердің бірі, 42 жастағы Жалғас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды. Оның әріптесі Дастан Абдықанов жақын жерде орналасқан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.

"BMW" жүргізушісі қамауға алынды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

60
Кілт сөздер:
жол апаты, полицей, Алматы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтаннан шыға алатындар тізіміне тағы бір санат қосылды
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Нұр-Сұлтан айналасындағы блок бекеттер қашан алынады
Алматыдағы блок бекеттерге адамдардың не үшін жиналғаны белгілі болды