Орталық сайлау комиссиясы

Президент сайлауы: ОСК бесінші кандидатты тіркеді

217
(Жаңартылды 12:12 06.05.2019)
"Ауыл" партиясының кандидаты 15 өңірден 120 754 қол жинаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" партиясының кандидаты Төлеутай Рақымбековті ресми түрде президенттікке үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

ОСК отырысында Төлеутай Рақымбеков 15 өңірден 120 754 қол жинаған.

Тағы оқыңыз: "Шорқақтығын байқатты" президенттікке үміткер қазақ тілінен сүрінді

"Қазақстан президенттігіне кандидаттарды қолдау үшін кемінде 118 140 қол жинау керек. Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларында сәйкес, Төлеутай Рақымбековті Қазақстанның 15 өңірінен 122 309 адам қолдаған. 120 754 қол есепке алынды", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов.

"Ауыл" партиясының кандидатына Қазақстан президенттігіне үміткердің куәлігі табысталды.

Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков
© Sputnik / Владислав Воднев
Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков

Брифингте Төлеутай Рақымбеков қол жинау барысындағы кемшіліктерге байланысты түсініктеме берді.

"Куәлікті алғаныма өте қуаныштымын. Көпшілік болып жұмыс істеген соң, кемшіліктер болады. Дәлелдеп әрқайсысын айта алмаймын. Мен қолдарды есептеп көрдім. 1555 қол тіркелмепті. Осыған дейін үміткерлер ресми түрде президенттікке кандидат ретінде тіркелді. Төрт кандидаттың қол жинау кезінде кемшіліктер болды", - деді ол.

Кезектен тыс президент сайлауы

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.

Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады. Әр кандидат 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс.

217
Кілт сөздер:
тіркеу, үміткерлер, президент сайлауы
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (73)
Тақырып бойынша
Тоқаев үгіт-насихат кезінде президенттік өкілеттігін тоқтата ма – Nur Otan жауабы 
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне үшінші кандидатты тіркеді
Нұртас, Ислам және Еслямова: Тоқаевтың сайлауалды штабына тағы кімдер кірді?
Орталық сайлау комиссиясы ел тарихындағы алғашқы әйел кандидатты тіркеді
Орталық сайлау комиссиясы Әміржан Қосановқа қатысты мәлімдеме жасады
Загрузка...