Саясат

Президенттікке үміткер басында үйі жоғын, астындағы көлігін несиеге алғанын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневСайлау, архивтегі сурет
Сайлау, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталық сайлау комиссиясы Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстан коммунистік халық партиясынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков 16 өңірден 135 506 қол жинаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

© Photo : официальный сайт Центризбиркома РКПрезиденттікке үміткер Жамбыл Ахметбеков
Президенттікке үміткер басында үйі жоғын, астындағы көлігін несиеге алғанын айтты  - Sputnik Қазақстан
Президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбеков

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов коммунистердің атынан сайлауға түсетін үміткердің кандидатқа қойылатын талаптарға сай екенін атап өтті.

"Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, Жамбыл Ахметбеков 16 өңірден 138 294 қол жинады. Оның 135 506-сы есепке алынды", - деді Мелдешов ОКС отырысында.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың сайлауалды штабына кімдер кірді?

Жамбыл Ахметбековке Қазақстан президенттігіне үміткердің куәлігі табысталды.

Брифинг барысында Қазақстан коммунистік халық партиясының кандидаты қол жинауға аз уақыт берілгенін, бірақ оған қарамастан бұл міндетті орындағанын жеткізді.

Сондай-ақ, Жамбыл Ахметбеков өзінің өмірлік жолын баяндап берді.

"Мен ауылдан қалаға келген кезде үй жалдап тұрдым. Ол қаладағы Лесозавод ауданында болатын. Батпақтың арасымен жүрдік. Партиямыз парламентке өтіп, депутат болып сайландым. Қазір қызметтік үйде тұрып жатырмын. Анам менің қолымда. Отбасымда 7 адам бар", - деді ол.

Президенттікке үміткер жеке басында үй жоқ екенін, ал қымбат көлікті несиеге сатып алғанын айтты.

Тағы оқыңыз: Әміржан Қосанов президент сайлауына түсетінін мәлімдеді

"Қазір өзімнің жеке үйім жоқ. Жұбайым - мұғалім. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама арқылы алдымен жалға берілетін, кейін сатып алу мүмкіндігі қарастырылған баспана алдық. Оның ақшасын төлеп тұрамыз. Бірақ ол біздің атымызға түскен жоқ. Әлі біраз ақша төлеу керек. Алдында итеріп жүргізетін Toyota Camry көлігім болды. Оны сатып, несиеге 2013 жылғы Toyota Highlander көлігін алдым. 3 жыл несиесін төледім. Одан басқа бизнесім, жеке мүлкім жоқ", - деді кандидат.

Қазақстан президенттігіне үміткерлер

Мемлекет басшысы болғысы келетін кандидаттардың есімі белгілі болды, олар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев  – Nur Otan партиясынан;
  • Дәния Еспаева – "Ақ жол" партиясынан;
  • Жамбыл Ахметбеков – Қазақстан коммунистік халық партиясынан;
  • Төлеутай Рақымбеков – "Ауыл" партиясынан;
  • Сәдібек Түгел –"Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінен;
  • Амангелді Таспихов – Қазақстан кәсіподақтары федерациясынан;
  • Әміржан Қосанов – "Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалысынан.
Жаңалықтар
0