Әміржан Қосанов

Әміржан Қосанов: Тоқаевтың уәдесіне сеніп келдім

7544
Орталық сайлау комиссиясы Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидаты Әміржан Қосановты президенттікке үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов Әміржан Қосанов 14 өңірден 131 189 қол жинағанын айтты. Алайда Орталық сайлау комиссиясы 129 582 қолды ғана есепке алған.

Тағы оқыңыз: Президенттікке үміткер үй жалдап тұратынын айтты

"Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидатына президенттікке үміткердің куәлігі табысталды.

Куәлікті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев берді. Әміржан Қосанов болса, хаттамада жоспарланбаса да, сөз сөйледі.

"Рұқсат болса, президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның әділ сайлау өтеді деген уәдесіне сеніп келіп тұрмыз. Орталық сайлау комиссиясы әділ сайлау өткізуге бізге мүмкіндік береді деген сенімімді білдіремін", - деді кандидат.

Брифингте Қосанов журналистерге сайлау бағдарламасы дайын екенін айтты.

"Бағдарлама дайын. Оны 11 мамырдан кейін жариялаймыз. Сайлау әділ өтуі үшін барымызды саламыз, - деді ол.

Айта кетсек, "Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов - Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркелген соңғы үміткер.

Әміржан Қосанов туралы не білеміз?

1964 жылы Қызылорда облысы Сапақ ауылында дүниеге келген. Белгілі саясаткер. Негізгі мамандығы журналист. 1994-1997 жылдары Әкежан Қажыгелдин басқарған үкіметтің баспасөз хатшысы болды. 1998 жылы Қажыгелдин басқарған Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, 2005 жылы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 

Кезектен тыс президент сайлауы

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.

Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады. Әр кандидат 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс.

7544
Кілт сөздер:
Әміржан Қосанов, президент сайлауы
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Орталық сайлау комиссиясы ел тарихындағы алғашқы әйел кандидатты тіркеді
"Шорқақтығын байқатты" президенттікке үміткер қазақ тілінен сүрінді
Президент сайлауы: ОСК бесінші кандидатты тіркеді
Нұртас, Ислам және Еслямова: Тоқаевтың сайлауалды штабына тағы кімдер кірді?
Тоқаевтың сайлауалды штабы үгіт-насихатқа "подписчигі" көп жұлдыздарды тартпақ
Нурсултан Назарбаев

Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео

3465
(Жаңартылды 19:57 03.07.2020)
Фильм 6 шілде күні сағат 21.40-та эфирге шығады. Елбасының баспасөз қызметі фильмнің анонсын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті билік транзиті мен коронавирус пандемиясының әсері туралы айтты. Елбасының баспасөз қызметі "Пусть следующие поколения сделают лучше меня..." деректі фильмінің анонсын жариялады.

Жарыққа шығатын фильм журналист Айгүл Әділова мен Елбасы баспасөз қызметінің арнайы жобасы. Көрермендер фильмді 6 шілде күні сағат 21.40-та "Хабар" арнасынан тамашалай алады.

"Биліктің ауысуы - қауіпті сәт. Бұл кезде үнемі тәртіпсіздіктер болады. Барлық саяси күштер бас көтереді. Мен осыны ескердім", - деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, коронавирус билік жақсы басқаратын елдер қиындыққа төтеп бере алатынын көрсетті. Ол адамдар көз жұмып жатқан жағдайда жылдам шешім қабылдау маңызды екенін айтты.

3465
Кілт сөздер:
видео, фильм, билік, Назарбаев
Тақырып бойынша
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
"Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады": Назарбаев маңызды жоба туралы айтты
"Бүкіл ауыртпашылығын сезіндім": Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы туралы айтты
Тоқаев коронавирус жұқтырған Назарбаев туралы жазба жариялады
Мемлекет басшыларының кездесуі

Тоқаев Ресей президентін құттықтады

140
(Жаңартылды 17:00 02.07.2020)
Мемлекет басшысы Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді 

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижелі өтуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Екі елдің басшылары телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан президенті Ресей тарихындағы бұл маңызды оқиға елді одан әрі дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, ұзақмерзімді даму стратегиясын жүзеге асырудың, мемлекеттілікті, егемендікті және экономикалық өсімді қорғаудың берік негізін қалағанын айтты. Сонымен қатар халықтың Ресей көшбасшысына жоғары деңгейде қолдау көрсеткенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте елімізге гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді. 

Айта кетейік, дауыс бергендердің 78,03 проценті Ресей Конституциясына түзетулер енгізуді қолдаса, ал 21,16% қарсы дауыс берді. Дауыс беруге қатысқандар шамамен 65%. 

Қазақстанда Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінде және Алматы, Орал және Өскемендегі, сондай-ақ Байқоңырдағы консулдықтарда сайлау учаскелері жұмыс істеді.

1 шілде Ресей Конституциясына түзетулер енгізу туралы бүкілресейлік дауыс берудің негізгі және соңғы күні болды. Бұл Ресей тарихында алғаш рет бір аптаға жалғасқан шара болды. Дауыс беру 25 маусымда басталған болатын.

140
Кілт сөздер:
Владимир Путин, Ресей, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты
Путин Тоқаевқа қандай сыйлық жасағаны белгілі болды
"Ең жаманы – осы": Тоқаев коронавирусқа байланысты елдегі жағдай туралы айтты
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың мінезі туралы айтты
Қазақстанның ұлттық валютасы

Назарбаевтың қорынан отбасыларға берілетін 50 мың теңге туралы ақпарат шықты

0
Елбасының бастамасымен "Birgemiz" қоры 550 мыңнан астам отбасыға біржолғы қаржылық қолдау көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. BizBirgemiz акциясының төртінші кезеңінде көмекке мұқтаж 80 мыңнан аса отбасы елу мың теңгеден алды.

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

"Елбасының тапсырмасы бойынша #BizBirgemiz акциясының төртінші кезеңі аяқталды. Еліміздің ауылдық елді мекендерінде тағы 80 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алды", - деп жазды Байбек Instagram-да.

Осылайша Назарбаевтың бастамасымен "Birgemiz" қоры 550 мыңнан астам отбасыға біржолғы қаржылық қолдау көрсеткен. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл – 2 миллиондай қазақстандық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Сонымен қатар, Байбектің айтуынша, тұрмысы төмен 100 мың отбасыға 5 миллионнан астам маска тегін таратылды.

"Nur Otan" партиясы мен тұңғыш президент қоры желісі бойынша 300 мыңдай отбасы азық-түлік себетін алды. Бұл іске "Jas Otan" жастар қанатының 5 мыңнан астам волонтері атсалысты", -деді ол.

Тағы оқыңыз: Birgemiz қорынан өтінім бермей-ақ 50 мың теңге алуға болады – көмек кімдерге тиесілі

Бұдан бөлек, нұротандықтар Түркістан облысының су басқан ауылдарына мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті.

Шілде айында Достық ауылының тасқыннан зардап шеккен тұрғындары үшін салынып жатқан үйлердің құрылысы аяқталады.

0
Кілт сөздер:
отбасы, Назарбаев, ақша
Тақырып бойынша
"Birgemiz" қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды
"Birgemiz" қорына төрт адам 4 миллиард теңге аударды