Саясат

"Біздің елде заң сақталады" Тоқаев митингіге шақыруға байланысты мәлімдеме жасады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтап, келісілмеген митинг өткізудің заңға қайшы екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН,  9 мамыр— Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

"Жеңіс күні мерекесімен барлық отандастарымызды құттықтаймын! Біздің жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері фашизмді күйретуге зор үлес қосты. Олардың көзсіз ерліктері біздің жадымызда мәңгі сақталады", - деп жазды президент Twitter –дегі өзінің ресми парақшасында.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы қазақстандықтарды санкцияланбаған митингіге шығудың заңсыз екенін ескерткен видеоны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

"Менің түсінігімдегі әділеттік – заңның салтанат құруы. Мемлекеттік шенеуніктер де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де, барлығы да заңға бағынуы керек. Сондай-ақ, заңды еліміздің азаматтары да сақтауы қажет. Заң бәріне бірдей. Қандай да бір сын айту да, заң аясында болуы тиіс. Егер адамдардың жиналуына қатысты айтар болсақ, ол да рұқсатпен болуы шарт. Сондықтан, мен біздің елде заңдардың сақталатынын қатаң ескертемін", - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін санкцияланбаған митингінің заңсыз екенін Бас прокуратура ескерткен болатын.
Елордадағы "Жаужүрек полк – Бессмертный полк" шеруі үйлестіру кеңесінің жетекшісі Аида Баймакова әр отбасының естелігіне құрмет көрсетуге шақырды. Ол шеруді саяси көзқарасты көрсету үшін пайдаланбауды сұрады, деп жазылған астаналық әкімдіктің ресми сайтында.
1 мамыр күні Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Семей қалаларында санкцияланбаған наразылық акциялары өткен болатын. Кейбір қатысушыларды полиция ұстады.
Жаңалықтар
0