Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп

Трамп екі айдан кейін Назарбаевтың отставкасына қатысты пікір білдірді

7487
(Жаңартылды 16:28 13.05.2019)
Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевтың билікті конституциялық тәртіппен тапсыру туралы шешімін қолдайтынын жазды

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Желіде АҚШ басшысы Дональд Трамптың Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хаты жарияланды. Оны Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жариялады.

1 мамырда жазылған хатта Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне пікір білдірген. Естеріңізге сала кетейік,  Елбасы 2019 жылдың 19 мамырында отставкаға кеткен болатын.

"Сіздің еліңіз үшін тарихи сәтпен құттықтаймын. 30 жылға жуық басшылық жасағаннан кейін табысты мирас қалдырып барасыз.  Билікті конституциялық тәртіппен тапсыру туралы шешіміңізді қолдаймын", - деп жазды Дональд Трамп.

Америка президенті Назарбаевтың өткен жылғы Ақ Үйге сапары Құрама Штаттар мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болды деп атап өтті.

​"Біз елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарда үлкен жетістіктерге жеттік және америкалық бизнестің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықтың одан да маңызды бағыттарын табуды жалғастырып жатқанына қуаныштымын", - деді Трамп.

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті өзімен ақылдасып отырғысы келетінін мәлімдеді 

Қазақстан Назарбаевтың басшылығымен жетістікке жетті, деп жалғастырды АҚШ президенті. Ол Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен де осындай тығыз қарым-қатынас жасаудан үміттенетінін айтты.

Назарбаев Трамппен қашан кездесті

2018 жылдың қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та ресми сапармен болды. Елбасы мен АҚШ басшысы Дональд Трамп саяси және қауіпсіздік мәселелері бойынша, сондай-ақ сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Бұдан бұрын Назарбаев лидерлер тікелей телефон арқылы сөйлесуге келіскенін мәлімдеген болатын. Елбасы Трамп өзімен "өңірдің мәселелері бойынша" кеңескісі келетінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның президенті өкілеттігін тоқтатты. Конституцияға сәйкес, мемлекет басшысы лауазымын сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев иеленді.  

7487
Кілт сөздер:
хат, отставка, Назарбаев, Трамп
Тақырып бойынша
Трамп Назарбаевтан не сұрады: Елбасы АҚШ президентімен арада болған әңгіме туралы айтты
Трамп Қазақстанда гольф бар екеніне таңғалды
Трамп Назарбаевпен кездесуінің видеосын жариялады
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп қандай келісімге келді?
Назарбаев Трампты АҚШ-тың бірегей президенті деп атады
Бейрутегі жарылыс

Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

14
Ливанда 200-ге жуық Қазақстан азаматы, оның ішінде, қазақ дипломаттары мен әскери қызметшілер тұрып жатыр   

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президенті Мишель Аунға телефон арқылы көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де хабарлады.

"Бүгін Ливан президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім", - деп жазды Тоқаев.

Ол Ливандағы 200-ге жуық Қазақстан азаматының, оның ішінде, қазақ дипломаттарының және БҰҰ-ның бітімгершілік күштері құрамында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өтінді.

Оқи отырыңыз: Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты 

"Ливан президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді", - деп атап өтті президент.

Бейрут қаласындағы жарылыс

4 тамыз күні Ливан астанасындағы теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.

Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді. Ол кезде жұмыс аяқталған. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмапты. Бірақ жұмыста қалған Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарылыс болған кезде жарақат алды.

14
Кілт сөздер:
қауіпсіздік, жарылыс, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды
Сәкен Сәрсенов

"Қазпоштаның" бұрынғы басшысы жаңа лауазымға тағайындалды

201
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сәкен Сәрсенов министрдің орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. "Қазпочта" АҚ бұрынғы төрағасы Сәкен Сәрсенов ішкі істер министрінің орынбасары болды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлы Қазақстан республикасы ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", – деп хабарлады президентің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2020 жылдың 25 шілдесінде Қанат Алпысбаев "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазпошта әлеуметтік карталарына жаңа функция енгізіледі

201
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, Сәкен Сәрсенов
Тақырып бойынша
42 500 теңге: "Қазпошта" виртуалды карта шығара бастады
Алматы облысында ауылдық "Қазпошта" бөлімшесін тонаушылардың бірі ұсталды
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Көкшетауда екі адам "Қазпошта" бөлімшесін тонап, миллион теңге алған
Карантин пошта жұмысына қалай әсер етті – "Қазпошта" басшысымен онлайн-брифинг
WhatsApp мессенджері

Жеке бас араздығы үшін желіде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды

0
(Жаңартылды 19:30 05.08.2020)
Полицейлердің айтуынша, өзара араздасқан тараптар медиация тәсілі арқылы татуласуға келіскен

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют ауданының орталығында әйел танысының фотосын жариялап, оның маньяк екенін айтып WhatsApp желісінде хабар таратқан. Polisia.kz порталының хабарлауынша, 27 жастағы тұрғын фотодағы азаматпен араздасып қалған соң, осындай әрекетке барған.

Автор желіде жариялаған фотосының жанына: "Сақ болыңыздар! Мамлют қаласындағы жұмысшы кентінде маньяк пайда болды. Кешкісін құрбандарын іздейді. 30.07.20 жылы ол жас қыздың соңынан жүгірді, қуанышқа қарай бойжеткен қашып үлгерді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған" деп жазып, хабарламаны мессенждерлерде таратқан.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны мониторинг жүргізу арқылы тапты.

"Тәртіп сақшылары аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өзінің танысымен арада туындаған кикілжіңге байланысты фотосын жариялап, жалған ақпарат таратқанын мойындады", - делінген ақпаратта.

3 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Медиация нәтижесінде жәбірленуші шағымдардан бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

"Егер бұл жерде медиация тәсілі қолданылмағанда тәртіп бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (500 040 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін дәл осындай жаза қарастырылған", - деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

0