Иллюстративті фото

Бай мемлекетте кедейлер болмау керек кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы

804
(Жаңартылды 17:39 15.05.2019)
Президенттікке кандидаттар өлім жазасын енгізіп, депутаттардың жеңілдіктерін алып тастауды қалайды. Сондай-ақ, шенеуніктердің офшорлық есепшоттарын ашуды ұсынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Президент сайлауына түсіп жатқан кандидаттар өз бағдарламаларын жариялады. Аталған құжаттарда экономика мен әлеуметтік саясат мәселелері қайталанса, басқа салаларда тың идеялар жоқ емес, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сәдібек Түгел өлім жазасын енгізуді қалайды

"Ұлы Дала Қырандары" қоғамдық бірлестігінің кандидаты Сәдібек Түгел халықтың мүддесін қорғап, Ұлы дала мәдениетін жаңғыртуға сөз беріп отыр. Оның сайлауалды бағдарламасы төрт бағыттан тұрады. Олар – идеология, әлеуметтік саясат, адал саясат пен әлеуметтік жауапты экономика. 

"Біздің негізгі міндетіміз – халықтың өмір сапасын жоғарылату, егде жастағы адамдарды лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету, жастарымызды рухани күшейту. Бай мемлекетте кедейлер болмау керек! Билік пен мемлекеттік меншікті халыққа беру керек!", -  дейді Түгел.

Бұдан бөлек, президенттікке кандидат көп балалы аналарға жәрдемақыны екі есеге ұлғайтып, жастарға қолжетімді баспана беруді көздейді.

Кандидат адал саясатты Конституцияны өзгертуден бастау қажет деп санайды. Сосын сайлау заңнамасына түбегейлі өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.

"Ауыл, аудан, облыс әкімдерін халық сайлауы керек. Оларға сайлау мерзімі үш жыл! "Билер сотын" енгізу керек. Бүкіл соттардың құрамы да тек сайлану арқылы бекітілуі тиіс. Сот практикасына қайтадан өлім жазасын енгізу қажет деп ойлаймын. Сонда жемқорларды, педофилдерді өлім жазасына кесу керек!", - деп атап көрсетті Түгел.

Кандидат депутаттардың барлық жеңілдігін алып тастауға мүдделі.  Ал парламенттің өзі бір палаталы болу керек дейді. Сондай-ақ, ол Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгертіп, Семей және Жезқазған аймақтарын қайта облыс етіп құру мәселесін көтеріп отыр.

"Семей аймағына Ұлы ойшыл данамыз Абайдың, Жезқазған облысына Ұлытау есімін беру. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысына – Абылайханның, Павлодар облысына – Кенесарының атын беру!", - делінген кандидаттың сайлауалды бағдарламасында.

Жамбыл Ахметбеков ұрланған ақшаны қайтармақ

Ал Қазақстанның коммунистік халық партиясының атынан шығып отырған Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды тұғырнамасы бес басымдыққа негізделген.  

  1. Батыстың ықпалы мен жалған құндылықтарынан бас тарту!
  2. Барлық қашқын олигархтарды сотқа тарту!
  3. Кедейлікпен күрес!
  4. Көрші елдермен экономикалық интеграция! 
  5. Әділетті салық салуды енгізу!

Халық коммунистері Батыстың ақшаға табынушылық дәстүрі біздің Отанымыз үшін қауіпті деп отыр. Ал кандидаттың өзі ұрланған ақшаны қайтаруға мүдделі.

"Президенттікке үміткер ретінде мен бізден ұрланған капиталдарды халыққа, Отанға қайтаруға мемлекет пен қоғамның бар күшін салатын уақыт жетті деп мәлімдеймін. Халықтың ақшасы халық мүддесі үшін қызмет етуі тиіс", - дейді Ахметбеков.

Бұдан бөлек, кандидат кедейлікпен күрес бағдарламасын қабылдап, байлардың салығын арттыру қажет деп санайды. 

"Қазақстанда ауқатты және өте ауқатты адамдардың саны өте көп. Мұнымен қатар кедейлік шегінде немесе оған жақын деңгейде өмір сүретін адамдардың саны артып келеді. Қазақстанның салық салу жүйесі байлар үшін елімізді жұмаққа айналдырып отыр. Бұл – әділетсіз!"-деп атап көрсетті кандидат.

Дания Еспаева өтірік айтқан шенеуніктерді жұмыстан шығармақшы

"Шағын және орта бизнестің құлдыратып, халықтың қалтасын жұқартатын тұрақты девальвация тәжірибесін тоқтату қажет. Егер министр немесе Ұлттық банк басшысы девальвация болмайды деп мәлімдесе, бірақ ол орын алатын болса, ондай шенеунік отставкаға кетуге тиіс", - деп бастайды кандидат өзінің сайлауалды тұғырнамасын

"Ақжол" партиясының кандидаты кредиттердің мөлшерлемесін төмендетіп, мемлекетке шығын келтірген бизнесті жазалау шараларын жеңілдету керек деп санайды. Сондай-ақ, партия шенеуніктердің оффшорлық есепшоттарын банк құпиясы санатынан алып тастауды көздейді.

"Халықаралық сарапшылардың есебіне сәйкес, жемқорлар 160 миллиард долларды шетелге алып шыққан. Ал өз елімізде жұмыссыз жүргендер аз емес. Себебі ол ақшаның барлығы ұрланған және Қазақстанның дамуына салынып жатқан жоқ", - делінген сайлауалды тұғырнамада.

Аталған құжатта партия сөз бостандығын барынша қорғап, журналистерді қудалауға қарсы екенін де мәлімдеді. Себебі ашық қоғам жемқорлыққа қарсы тиімді құралдардың бірі болып саналады.

Әміржан Қосанов шетелден қарыз алуды тоқтатуға мүдделі

"Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов Қазақстанды шынайы демократиялық мемлекет ретінде қайта құрамын деп отыр. Ол үшін сайлау, саяси партиялар, кәсіподақтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына арналған заңдарды өзгертпекші. "Мемлекеттік тіл туралы" жаңа заңды да қабылдап, онда заңдық тұрғыдан мемлекеттік тілді білуге міндетті мамандықтар тізімін бекітуді көздейді.

"Алпауыт шетелдік корпорациялармен жасалған жер қойнауын пайдалану туралы құжаттарды Қазақстанның заңды ұлттық және экономикалық мүдделері тұрғысынан халықаралық құқық аясында қайта қарап, шетелден бақылаусыз қарыз ала беру дағдысын доғару қажет", - делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында

Кандидат нәтижесіз мемлекеттік бағдарламаларын қысқарту қажет деп санайды. Ол Қазақстанда атом электр станцияларын салуға қарсы.  Оның орнына экологиялық  таза қуат көздерін дамытуды қалайды.

Оның ойынша, жемқорлардың мүлкін тәркілеп, оларға рақымшылық қолданбау және өмір бойы мемлекеттік қызметке жолатпау қажет.

Төлеутай Рақымбеков ауылды өркендетуді көздейді

"Ауыл" партиясының атынан ұсынылған Төлеутай Рахымбековтың сайлауалды бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрады. Олар:

– Ауылдар мен қалалардың әлеуметтік теңдігі – қоғамның өзекті мәселелерін шешу мүмкіндігі;  

– Дәстүрлі және рухани құндылықтарды сақтау – ел дамуының сенімді негізі;

–  Ауылдағы жастар саясатының тиімді моделі – ауылды өркендетудің құралы;

"Бүгінгі таңда біздің қоғамда болып отырған өткір әлеуметтік проблемаларды ескере отырып, қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жеңу маңызды деп санаймыз. Әлеуметтік саясат барлық адамның және әрбір адамның дамуына қызмет етуі тиіс.", - дейді кандидат.

Амангелді Таспихов миллиардерлерден ақшаны қайтармақ

Ал ҚР Кәсіподақтар федерациясының кандидаты Амангелді Таспихов "жұмыс істейтін кез келді" дейді. Үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасында жосықсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруды, қауіпсіз еңбек жағдайын жасауды, жұмысшылардың еңбек құқығын қамтамасыз етуді, лайықты еңбекақы төлеуді және еңбек миграциясын реттеуді басымды бағыттар ретінде белгілеп отыр.

Оның айтуынша, 90-жылдары кейбір жекелеген жұмыс берушілер еліміздің табиғи байлығы мен ресурстарын иемденіп, жеңіл жолмен байып, қашып кетті.

"Олар қарапайым жұмысшылардың адал еңбегі мен қыруар бюджет қаржысын иемдену есебінен миллиардер болды деп есептейміз. Бұл капитал қайтарылып, еліміздің экономикасын көтеруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмыс істеуі үшін бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз", - дейді Таспихов.

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда жұмыссыздардың саны 400 мыңнан асады.

"Ал шындығына келгенде, елімізде жұмыспен қамтылмай отырғандар қатары 1 миллион адамнан асады. Біз жұмыспен қамту қызметтерінің жұмысын жақсартуды және еңбек нарығында тепе-теңдікті қамтамасыз етуді жөн көреміз. Жаңа жұмыс орындарына бірінші кезекте қазақстандық мамандар орналасуы кажет", - делінген кадидаттың сайлаулды бағдаламасында.

Тоқаев әділдік үшін күреседі 

Nur Otan-ның кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасын үш қағидат – сабақтастық, әділдік пен өрлеуге негіздеп отыр. Тоқаев Елбасының стратегиялық саясатын жалғастыруға мүдделі.

Оның айтуынша, біздің қоғамымызда биліктің ашықтығына, мемлекет пен қоғамның диалогына деген мұқтаждық бар. Мемлекет әділдікке қарай қадам жасауға дайын.

"Мен әрбір қазақстандықтың лайықты жұмысы болып, еңбегіне қарай әділ жалақы алғанын қалаймын. Әрбір азамат сапалы мемлекеттік қызметті пайдаланғанын қалаймын. Заманауи медицинаның қолжетімді болғанын қалаймын. Әрбір азаматтың үздік білім алып, заңмен толық қорғалғанын, болашаққа нық сеніммен қарағанын қалаймын", - деп атап көрсетті Тоқаев.

804
Кілт сөздер:
кедей, бағдарлама, президент сайлауы
Тақырып бойынша
Қазақстанда президент сайлауын кімдер бақылайды?
Сайлаудан кейін девальвация бола ма – Ұлттық банк жауап берді
Қазақстанда президенттікке кандидаттар тегін тамақ, ақша тарата ала ма? 
Әміржан Қосанов: Тоқаевтың уәдесіне сеніп келдім
Сайлауда кімге дауыс бересіз – Қазақстанда мұндай сұрақты кім қоя алады
Қасым-Жомарт Тоқаев теледебатқа қатыса ма – саясаттанушы пікірі
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Маминмен кездесіп, қазіргі жағдайдағы басты міндетті атады

2882
(Жаңартылды 21:07 13.08.2020)
Елбасы Қазақстанда бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар қазіргі дағдарыстың ұлттық экономикаға  теріс әсерін азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз — Sputnik. Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті. Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық даму нәтижелері мен пандемиядан кейінгі кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланды, деп хабарлады Elbasy.kz.

"Біз тәуелсіздік жылдарындағы ең күрделі кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Осы уақыт ішінде талай дағдарысты еңсердік. Қазіргі қиындық әлемнің бүкіл елін қамтып отыр. Барлық жерде жұмыссыздықтың көбеюі байқалуда, бизнес қиындыққа тап болып, мемлекеттер арасындағы сауда-саттық деңгейі төмендеді. Алайда бұған дейін  қабылданған шаралар дағдарыстың экономикамызға әсерін азайтуға көмектесті. Біздің экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі басқа елдермен салыстырғанда үш есе аз", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Премьер-министрдің ақпаратына сәйкес,  жыл басынан бері экономиканың машина жасау, өңдеу және тау-кен өндірісі, құрылыс, басқа да негізгі салаларындағы  көрсеткіштер оң қарқын алған.

Елбасы Қазақстанда бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар қазіргі дағдарыстың ұлттық экономикаға  теріс әсерін азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Ол күрделі кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау бағытында  отандық бизнестің белсенділігі жоғары екенін атап өтті.

"Ірі бизнес жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектесті, халықтың әлсіз топтарын қолдауға қаражат бөлді, сондай-ақ "Біз біргеміз" бастамасын ілгерілетуге үлесін қосты. Мен барлық бизнес өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. Birgemiz қоры арқылы біз 2,3 миллион қазақстандыққа қолдау көрсете алдық, – деді Елбасы.

Назарбаев қандай тапсырма берді

Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсім мәселесін қарастырып, отандық бизнесті жандандыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту қажеттігін атап өтті. Үкімет экономиканың түрлі саласындағы өсімді қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауы керек екендігі айтылды.

"Қазіргі уақытта сарапшылар экономикалық дағдарыс пен пандемияның екінші толқыны келетінін болжауда. Мамандар бұл мәселені мұқият зерттеп, осы жағдайға арнаулы бағдарлама әзірлеуі керек. Жаңа тәсілдер мен тиісті шаралар қажет", – деді Қазақстанның тұңғыш Ппрезиденті.

Сонымен қатар Елбасы коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мәселесіне тоқталды.

"Қауіпті дертті жұқтырып алмау адамның өзіне және тәртібіне байланысты екенін түсіндірген мемлекеттер ұтылған жоқ. Кейбір елдерде карантин шаралары қабылданбады, өйткені адамдар сақтық шараларын сақтап, мамандардың талабын орындады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті геосаяси қақтығыстар мен қарама-қайшылықтар өршіп тұрған жағдайда Қазақстан қоғамының бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

"Біздің басты міндетіміз – дағдарысқа қарамай, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ішкі тұрақтылықты сақтауымыз керек. Қоғам тұтастығы мен саяси тұрақтылық – біздің алға жылжуымыздың негізі екенін жұртшылық естен шығармағаны жөн", – деді Елбасы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық экономикалық дағдарыстардан өтуде Қазақстанның мол тәжірибесі, сондай-ақ экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

2882
Қазақстан темір жолы ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев

Президент Сауат Мыңбаевты неге шақырды?

1738
"Қазақстан темір жолының" басшысы пандемия салдарынан жолаушылар тасымалының көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайғанын атап өтті  

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі біршама өсті. Бұл жайында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарлады, деп жазды Ақорда сайты.

Басқарма төрағасының айтуынша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк айналымы өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға артқан.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Есімовті Ақордада қабылдады 

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі біршама өскен. Соған сәйкес мемлекетаралық бекеттегі өткізу қабілетін арттыру шаралары қабылданады.

Сауат Мыңбаев пандемияның жолаушылар тасымалына әсер еткенін атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалының көлемі екі есеге азайған. Соған қарамастан компания жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізіп, жолаушылар вагондарының паркін жаңартып жатыр.

Кездесу соңында президент басқарма төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

1738
Кілт сөздер:
теміржол, Сауат Мыңбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев теңге бағамына қатысты бірқатар тапсырма берді
Құлыбаев Тоқаевқа бизнестің карантиннен зардап шеккен салалары туралы айтты
Ақорда президент қол қойған заң жарлығын жариялады
Тоқаев есеп комитетінің жүргізіп отырған жұмысына қатысты пікір білдірді
Теңге, архивтегі фото

Қазақстанда кейбір кәсіпкерлерге 42 500 теңгені тағы да төлеу ұсынылды

732
(Жаңартылды 16:00 14.08.2020)
17 тамыздан бастап мемлекеттік комиссияның шешімімен бірқатар кәсіпорын қайта ашылады. "Атамекен" ҰКП жұмыс істеуге рұқсат етілмеген кәсіпкерлерге 42 500 теңгеден төлеуді жалғастыру қажет екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. 17 тамыздан бастап жұмысын бастамайтын кәсіпорындарға 42 500 теңге көлеміндегі мемлекеттік төлемді ұзарту ұсынылып отыр. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазір Ұлттық палата қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау көрсету пакетімен қамту үшін ұлттық экономика министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

"Біз қазір мемлекеттік төлемді ұзарту жөніндегі өз ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз. Бүгінде қызметтің тағы бірнеше бағыты шет қалып отыр. Мысалы, караоке, тойхана және басқа да бағыттар. Біз онда қанша адам жұмыс істейтіні туралы ақпарат жинап, тексеріс жүргіземіз", - деді "Атамекен" төрағасының орынбасары.   

Сонымен қатар Ұлттық палата кәсіпкерлердің кредитін кейінге қалдыру және қайта қаржыландыру, салықтарды кейінге қалдыру және жалдау ақысын төлеу мәселелерін пысықтауды ұсынады.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?

Эльдар Жұмағазиев 17 тамыздан бастап жұмыс істеуге тыйым салынған кәсіпкерлер саны едәуір азаятынын атап өтті.

Бұған дейін ҰКП төрағасының орынбасары Қазақстанда карантиннің салдарынан 1,3 миллион адам жұмыссыз қалғанын мәлімдеген еді.  

732
Кілт сөздер:
жеке кәсіпкерлер, төлемақы, жәрдемақы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді
Ақорданың маңына жиналған бір топ адам кредиттің кешірілуін талап етті
Еңбек министрлігі 21 250 теңгеге қатысты ақпарат жариялады
"Неге бәрі әншілерді шіріген бай деп ойлайды?": Маржан Арапбаева ренішін жеткізді