Саясат

Назарбаев президенттік өкілеттігін неліктен тоқтатқанын түсіндірді

Жазылу
 Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша, билікке келетін жаңа ұрпақ, жаңа команда өз новацияларын әкеледі

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті басқарудың қыр-сыры туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Халық пен оның көшбасшысы бір-бірін түсініп, қолдау білдірсе, мемлекет табысқа жете алады. Барлық бастама халықтың қолдауымен іске асуы қажет. Бұл – менің негізі ұстанымым. Осы уақытқа дейін солай жұмыс істедік. Саясатымыз дұрыс болды деп ойлаймын. Мен өзім бес сайлауға қатыстым. Сонда маған 85 проценттен төмен дауыс берілген жоқ. Осындай түсіністіктің арқасында біз қазіргі жетістіктерге жеттік деп ойлаймын", - деді Назарбаев пленарлық отырысында.

Назарбаев әлемдік экономикада көптеген қауіп-қатер мен қарама-қайшылық бар екенін айтты

Оның айтуынша, осы жолы президенттік биліктің транзиті ойдағыдай өтті. Енді бұған дейін қолға алынған бастамаларды жалғастыру қажет.

"Алайда ол кезде менің мандатым аяқталған жоқ, әлі де жұмыс істеуге болатын еді. Сайлауға өз кандидатурамды шығарғанда жалпы халық болып, тағы мені таңдайтын еді. Оны 100 проценттік сеніммен айтуға болады. Дегенмен, бізге өзгерістер керек. Жаңа ұрпақтың келгені дұрыс. Меніңше, билікке келетін жаңа ұрпақ, жаңа команда өз новацияларын әкеледі", - деп атап көрсетті тұңғыш президент.

Өз сөзінде ол осы уақытқа дейін атқарылған шараларды да атап өтті. Соның ішінде Ұлтық қор, "Нұрлы жол" бағдарламасы, индустриялық-инновациялық бағдарлама, ипотекалық жүйе және тағы басқа бастамалар бар. Назарбаев Қазақстандағы екі мемлекеттік тұлға – тұңғыш президент пен президентке қатысты өз ойын да жеткізді.  

"Бүгін біз спикерге ыңғайсыздық туғызып отырған сияқтымыз (күлді). Ол алдымен "тұңғыш президент" дейді, одан кейін "президент" деп таныстыру керек. Меніңше, Қазақстанда екіұдайылық болмайды. Бізде бір президент қана бар. Ол – басты тұлға. Оны сайлағаннан кейін бәріміз соған жұмыс істейтін боламыз", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Жаңалықтар
0