Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Назарбаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

271
(Жаңартылды 13:55 17.05.2019)
Кездесу барысында өткен жылдың 19 қарашасындағы кеңесте берілген тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі.

Трамп екі айдан кейін Назарбаевтың отставкасына қатысты пікір білдірді 

Елбасыға сот жүйесін жаңғырту барысы туралы мәлімделді.

Жоғарғы сот төрағасы соттардың қызметін жетілдіруге және судьялардың жұмысына деген халық сенімін арттыруға бағытталған 15 заң жобасы әзірленгені туралы баяндады.

Кездесу барысында, сондай-ақ, 2018 жылғы 19 қарашадағы кеңесте берілген тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланды.

271
Кілт сөздер:
Жоғарғы сот, Жақып Асанов, Назарбаев
Тақырып бойынша
"Миллиондаған адам кәсібін ауыстырады" Назарбаев болжам жасады
"Жағдай алаңдатарлық" Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық проблемаларды атады
Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құқықтық актілерге үлкен өзгерістер енгізіліп жатыр
Көпті мазалаған сұрақ: Қытайға неге Тоқаев емес, Назарбаев барғаны белгілі болды
Назарбаев президенттік өкілеттігін неліктен тоқтатқанын түсіндірді
Загрузка...