Серік Жұманғарин

БАҚ өкілдеріне "жыны келген" вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

681
Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі атанды

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Бұрын ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің сайты.

"Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 21 мамырдағы шешімімен Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасының атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі (министр) болып тағайындалды және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының дербес құрамына енді", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: "Жынымды келтірмеңізші": вице-министрдің жауабы жұрттың қызу талқысына түсті - видео

Айта кетсек, бұған дейін Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі, монополияға қарсы ведомствоның төрағасы, өңірлік даму вице-министрі қызметтерін атқарып, монополияға қарсы комитеттің өңірлік бөлімшелерін басқарған.

Сонымен қатар, Жұманғарин шараға қатысы жоқ сұрақтар қойған тілшілерге "жынымды келтірмеңізші" деп жауап беріп, аты шыққан еді. Бұрынғы вице-министрдің бұлай жауап беруіне тілші Арай Сүгірбайдың тарифтер туралы сұрағы себеп болды. Бұл сауал шенеунікке жақпай қалған, ол сол кезде шағын және орта бизнесті қолдау туралы сөйлескісі келген болатын.

681
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, Ұлттық экономика министрлігі, Серік Жұманғарин
Тақырып бойынша
"Жынымды келтірмеңізші" деген вице-министр журналистерден кешірім сұрады
Абаев журналистерге "жыны келген" әріптесі туралы: еш уақытта ашуланбау керек
"Уайымдап жүр" Дәленов журналистерге ұрсып тастаған орынбарасы туралы айтты
Ақорда, президенттің резиденциясы

Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды

218
Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылманның қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдаған нақты шараларын талқылады. Режеп Тайип Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Тоқаев Ердоғанға қолдау көрсеткені және гуманитарлық көмек ретінде медициналық жеке қорғаныш құралдарын бергені үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттер басшылары аталған саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беруге ниетті екенін нақтылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы маусымда жандануы мүмкін

Сонымен қатар тараптар өзара тауар айналымын ұлғайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, қазақ-түрік қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Әңгіме соңында Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

218
Кілт сөздер:
Режеп Тайип Ердоған, Қасым-Жомарт Тоқаев
Компьютер, адамның қолы

Саяси партияларды тіркеу жеңілдеді: Қазақстанда жаңа заң қабылданды

75
(Жаңартылды 17:03 25.05.2020)
Саяси партияларды тіркеу үшін оның құрамында бұрынғыдай қырық мың емес, жиырма мың мүшесі болса жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сайлау туралы" Конституциялық заңға және "Саяси партиялар туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

Енді Қазақстан парламентінде әйелдер мен жастар қатары артады.

"Сайлау туралы" конституциялық заңда саяси партиялар тіркеуге ұсынған партиялық тізімдерде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30% квота енгізілді.

Бұл жастар мен әйелдердің парламентке және жергілікті өкілетті органдарға келуіне ықпал етеді деп күтілуде.

Ал "Саяси партиялар" туралы заңда саяси партияларды тіркеу жеңілдетілді.

Енді саяси партияны тіркеу үшін оның құрамында 40 мың емес, 20 мың мүшесі болса жеткілікті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жеті бірдей саяси партия тіркеуден өте алмады

Жаңа нормалар әйелдер мен жастарды қоғамның саяси өміріне белсене қатысуға, сондай-ақ көппартиялық жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпал тигізбек.

Қос заң да президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

75
Кілт сөздер:
сайлау, партия, заң, Қасым-Жомарт Тоқаев
Цирк, архивтегі сурет

Қазақстандық цирк әртісі Қытайда комаға түсті

6
(Жаңартылды 09:15 28.05.2020)
Ер адам бірнеше жылдан бері қытайлық циркте жұмыс істеген. Оның сақтандыруы емделуге жұмсалатын шығынды өтеуге жетпейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Қостанай қаласының тумасы 17 мамырда Қытайдың Гуанчжоу қаласында комаға түсті.

Алдын ала болжам бойынша сепсис диагнозы болуы мүмкін, деп жазады "Костанайские новости". Дерттің нақты себебі сараптама қорытындысы бойынша белгілі болады.

Ер адамның денсаулығының күрт нашарлауына денесіндегі сынықтар себеп болуы да мүмкін. Қазақстандық циркте ат үстінде қиын жаттығулар жасаған.

Басылым әртіс карьерасын Рудный қаласындағы "Юность" цирк студиясында бастағанын жазады. Алматыдағы цирк училищесін тәмамдаған. Кейін Қытайда жұмыс істеуге ұсыныс түсті.

Ата-анасы Рудныйда тұрады, ер адам Қытайда әйелі және баласымен болған. 

Қазақстан елшілігі ер адамды елге жеткізуге көмектесетінін жеткізді. 3 маусымда Қытай Қазақстанға медициналық көмек тиелген ұшақ жібереді. Алайда ер адам комадан шықпаса, тасымалдау мүмкін емес екені айтылды.

Тағы оқыңыз: Цирк әртісі сахнадағы қойылым кезінде биіктен құлап кетті

Қытай клиникасындағы реанимациялық палатада бір күн жату 1 500 доллар. Қазақстандық қытайлық циркпен келісімшарт жасасқан. Алайда сақтандыру емделуге жұмсалатын шығынды өтеуге жетпейді. Клиникадағы 10 күн үшін ер адамның туыстары 25 мың доллар төлеген. Бұл ақшаны жинауға цирк директоры, әріптестері мен туыстары көмектескен.

Ер адамның ата-анасы пәтерін сатты. Дегенмен бұл қаражат та жетпеген. Туыстары қазақстандықтардан көмек сұрап отыр.

6
Кілт сөздер:
кома, Қытай, цирк әртісі, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Цирк әртісінің биіктіктен құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалды
Астанада жас хоккейшіге қақпа құлап кетті: бала комада жатыр  
Пойыз апатынан зардап шеккен балалар комада жатыр – дәрігерлер
Цирк әртісі көрермендердің көз алдында биіктен құлап қаза тапты
Хабиб Нурмагамедовтың әкесі комаға түсті - БАҚ