Нұрсұлтан Назарбаев

Сенат депутаттары Назарбаевқа тағы бір мәртебе берді

412
(Жаңартылды 11:07 30.05.2019)
Депутаттар Елбасының Қазақстанның конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесі берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен сенаттың жалпы отырысында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру мәселесі қаралды. Бұл бастаманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.

Еуразиялық экономикалық одақтың саммитінде Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді

Депутаттар Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, Қазақстан тұңғыш президенті – Елбасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанның конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы, сондай-ақ, отандық парламентаризмді орнықтырудағы және дамытудағы сіңірген тарихи еңбегін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге, елдің стратегиялық даму бағдарын айқындауға қосқан аса зор үлесін ерекше атап өтті.

Сенат депутаттары Тоқаевтың Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру туралы бастамасын бірауыздан қолдады.

"Бүгін біз тарихи шешім қабылдадық. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру Елбасының Қазақстанды қалыптастыру мен дамытуға қосқан тарихи үлесі мен Қазақстан қоғамын топтастыруға сіңірген орасан зор еңбегіне берілген әділ баға мен құрмет деп санаймын. Сіздерге көп-көп рақмет. Енді анда-санда осы сенатқа келіп тұрады деп сенеміз", - деді сенат төрағасы Дариға Назарбаева. 

Назарбаевтың басқа қандай мәртебелері бар?

Президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмір бойына тұңғыш президент – Елбасы мәртебесіне ауысты.

Сонымен қатар, Елбасы тарихи миссиясына байланысты Қазақстанның қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқарады.

Түркия президентінің ұсынысымен Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің өмір бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілді.

Бұған қоса, 29 мамырда елордада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммитінде Қазақстанның тұңғыш президентіне тағы бір мәртебе берілді. Ресей басшысының ұсынысымен ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын алды.

412
Кілт сөздер:
сенат, Назарбаев
Тақырып бойынша
Путин Назарбаевқа жаңа мәртебе не үшін берілгенін түсіндірді
Назарбаевқа өмірлік мәртебе беруді Түркия президенті ұсынды – Түркі кеңесі
Назарбаев ЕАЭО саммитінде: сіздерге пайдамды тигізуге тырысамын
Нұрсұлтан Назарбаев қандай өмірлік мәртебелерге ие?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге үлес қоса алады Тоқаев

179
Қасым-Жомарт Тоқаев "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада сөз сөйледі

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге өз үлесін қоса алады, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ форумында.

Мемлекет басшысы теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ Дамушы елдер тобының атынан сөз сөйледі.

"Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі, делдалдық, жанжалдарды шешу және бейбітшілік орнату сияқты негізгі салалардағы жаһандық күш-жігерге өз үлесін қоса алады", - деді Тоқаев  "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада.

Ол пандемия кезінде Қазақстан коронавирустың өршуіне гуманитарлық жауап қату жаһандық жоспары аясында қаражат жібергенін атап өтті.

"Біз вирусқа қарсы күресте бірқатар елге гуманитарлық көмек көрсеттік", - деді Тоқаев.

Президент өз сөзінде жеке инвесторларды цифрлық теңсіздікті еңсеруге көмектесуге шақырды.

"Халықаралық сауда да барлық елдің, ең алдымен, аз дамыған елдердің мүдделері үшін тез дамып отыруы керек", - деп толықтырды ол.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты 

"COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" форумы БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылып, бейнеконференция түрінде өтіп жатыр.

Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және басқа елдердің басшылары сөз сөйледі.

179
Кілт сөздер:
БҰҰ, коронавирус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Коронавирус салдары қандай болады - мамандар болжам жасады
Тоқаев: Қазақстан мен Швейцарияның ұстанымдары ортақ
Коронавирус пандемиясы кезінде Тоқаевтың жұмыс кестесі қалай өзгерді?
БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді
Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді

382
Президент Қазақстанның қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысына Қазақстан армиясының штаттық құрылымын оңтайландыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар, қару-жарақтарды, әскери техника мен оқ-дәрілерді инвентаризациялау және тексеру, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес, сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндалды.

Ермекбаев Тоқаевқа қазіргі уақыттағы сын-қатерлерді ескере отырып, Қарулы күштердің жаңа келбетін қалыптастыру, түрлі табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою кезінде әскери қызметшілерді жұмылдыру мүмкіндігі мен қажеттігі жайында мәлімет берді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды

Сонымен қатар президент Ермекбаевтың әскери бөлімшелердің дайындығы, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс мәселелері, бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, әскери техникамен жабдықтау, Қорғаныс министрлігін автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі есебін тыңдады.

Жоғарғы бас қолбасшы еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды, әскери қызметшілердің білім деңгейін көтеріп, біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.

382
Кілт сөздер:
Қорғаныс министрлігі, Нұрлан Ермекбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қорғаныс министрлігі МиГ-31 ұшағы апатына байланысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтанда Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Нұрмағамбетовті еске алды
МиГ-31 ұшағы апаты: қорғаныс министрі ұшқыштардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды
Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы