Нұрсұлтан Назарбаев

"Құрметті сенатор" атанған Назарбаев жалақы ала ма?

2672
Сенат депутаттары Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Сенат депутаты Әли Бектаев "Құрметті сенатор" мәртебесі Нұрсұлтан Назарбаевқа қандай құқық беретінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бектаев Назарбаевтың өмірлік тәжірибесін, ақыл-кеңесін пайдалану бүгінде баршаға, соның ішінде сенатқа да керек екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Назарбаев қандай өмірлік мәртебелерге ие?

"Енді Елбасы сенаттың барлық отырысына, комитеттердің отырысына, соның ішінде ашық отырыстарға да қатысып, өзінің ой-пікірін білдіре алады. Бұл сенат депутаттарының жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз. Қазіргі уақытта бүкіл әлем Елбасын мойындап отыр, халықаралық ұйымдар, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ та, оның алдында Түркі әлемі мемлекеттерінің кеңесі, барлығы да Елбасыны бекерден-бекерге құрметті төраға етіп сайлап отырған жоқ. Елбасының өмірлік тәжірибесін сол ұйымның жұмысында пайдалану керек деп басшылар да ашық айтып отыр. Олай болса, неге бізге Елбасының бар мүмкіндігін әлі де пайдаланбасқа?!", - деді депутат сенат кулуарында.

Бектаев "Құрметті сенатор" жалақы алмайтынын айтты.

Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны

"Отырыстарға қалаған кезде қатысуға құқығы бар. Заң жобалары, тағы басқа мәселе бойынша өз ой-пікірін айтады, бірақ дауыс беру жағы қарастырылмаған", - деп түсіндірді сенатор.

Бұған қоса, ол жаңа мәртебе сенат төрағасының үстінен қарап, біреудің атынан шешім қабылдауға құқық бермейтінін қадап айтты.

"Құрметті сенатор" деген біреудің үстінен қарайтын, болмаса біреудің атынан шешім, қаулы қабылдайтын атақ емес. Бұл, біріншіден, құрметті атақ. Екіншіден, қоғамдық жұмыстарға, заң шығарушы жұмыстарға атсалысуға, өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік беретін мәртебе", - деді депутат.

Десе де, Бектаев айналып келгенде, сенаторлар Назарбаевтың пікіріне құлақ асатынын жасырмады.

Тағы оқыңыз:  "Ұят": Назарбаев ЕАЭО елдеріне ұсыныс айтты

"Әрине, егер оң, халықтың мүддесіне қажетті пікірлер болатын болса, құлақ асуға болады деп ойлаймын, құлақ асылады да", - деді сенатор.

Айтуынша,"Құрметті сенатор" мәртебесі Қазақстан парламенті сенатының тарихында алғаш рет беріліп отыр.

2672
Кілт сөздер:
жалақы, Назарбаев, сенатор
Тақырып бойынша
Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісін қызметінен босатты
Нұрсұлтан Назарбаев ауызашар берді – фото
Назарбаевқа өмірлік мәртебе беруді Түркия президенті ұсынды – Түркі кеңесі
Лукашенко басқа елдер ЕАЭО-мен ынтымақтасудан неге қорқатынын айтты
Путин Назарбаевқа жаңа мәртебе не үшін берілгенін түсіндірді
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде тағайындау жасады

91
(Жаңартылды 12:38 04.06.2020)
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Қауіпсіздік кеңес хатшылығының меңгерушісі ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Қауіпсіздік кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметіне Ерлан Байтұқбаев тағайындалды. 

Елбасының ресми сайтында Қазақстанның тұңғыш президенті, Кеңес төрағасының шешімімен Шоқан Елшібеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғаны жазылған.

Оның орнына бұған дейін Қауіпсіздік кеңестің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған Ерлан Байтұқбаев келді.

Ерлан Байтұқбаев туралы не білеміз

Ерлан Байтұқбаев 1969 жылы туған. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін  тәмамдаған (мамандығы "құқықтану").

Еңбек жолы Алматыда Фрунзе ауданы прокурорының көмекші-стажері ретінде бастады. Түрлі жылдары прокурор, аға прокурор, Қостанай облысы прокурорының орынбасары, Орталық көлік прокуратурасы аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, инвестициялар және даму министрлігі комитеті басшысының орынбасары болған.

91
Отырыс, жиын

Қазақстан президентіне қосымша өкілеттік беріледі 

172
(Жаңартылды 12:10 04.06.2020)
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары бұл еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қатерге ден қою үшін мемлекеттің қорғаныс потенциалын қолдау қажеттігінен туындап отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Парламент сенаты соғыс жағдайы мәселелерінде Қазақстан президентінің өкілеттігін кеңейтетін заң жобасын бірінші оқылымда қарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сенатта кейбір заңнамалық актілерге соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. 

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектановтың айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – соғыс жағдайы саласындағы заңнаманы жетілдіру. 

"Бұл еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қатерге ден қою үшін мемлекеттің қорғаныс потенциалын қолдау қажеттігінен туындап отыр", - деді ол. 

Заң жобасы алты заңға түзету енгізуді көздейді. Оның негізгі мақсаты –  мемлекеттің соғыс жағдайы кезеңінде жұмыс істеуін, сонымен қатар, бейбіт уақытта оған дайындалу мәселесін құқықтық реттеу.
Бектанов соғыс жағдайы туралы заңда президент өкілеттігін толықтыру ұсынылып отырғанын айтты. 

"Ол бейбіт уақытта іске асырылады. Оған сәйкес, президент соғыс жағдайы шараларын қолдану тәртібін айқындау, Қарулы күштер Жоғары бас қолбасшылығы ставкасы туралы, қорғаныс кеңестері туралы, соғыс жағдайы кезеңінде үкімет қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекітеді", - деді қорғаныс министрінің бірінші орынбасары. 

Одан бөлек, үкімет құзыреті мынадай өкілеттіктермен толықтырылады: бейбіт уақытта соғыс жағдайы кезеңіндегі министрліктер туралы ережені бекіту, соғыс жағдайы кезеңінде мемлекеттік органды соғыс уақытындағы штатқа көшіруді ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органға азаматтық және аумақтық қорғануды қамтамасыз ету міндетін белгілеу. 

Сонымен қатар, соғыс жағдайы кезеңінде жергілікті атқарушы органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңестерін құру өкілеттігін беру ұсынылады. Бұл ретте қорғаныс кеңестері әскери басқару органы ретінде соғыс жағдайы шараларының орындалуын қамтамасыз етеді. Олар тек соғыс жағдайы кезеңіне құрылады, сондықтан Қарулы күштер құрылымына кірмейді. 

"Күзетілетін адамдар мен объектілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне түзету енгізу ұсынылады. Бұл жаңа міндет Қарулы күштер, басқа да әскер мен әскери құрылым, сондай-ақ мемлекеттік органдар үшін енгізіледі", - деді Бектанов. 

Сонымен қатар, қорғаныс және Қарулы күштер туралы заңға қорғанысты жоспарлау бойынша бірқатар түзету енгізу көзделген. Президент өкілеттігін қорғанысты жоспарлау қағидасын бекітумен толықтыру ұсынылады. 

Тағы оқыңыз: Президент Қазақстанда Қырым сценарийі қайталануы мүмкін дегендерге жауап берді

Меншік нысанына қарамастан, ұйымдар функциясын нақтылау, оның ішінде нысанды күзетуге және қорғауға дайындау ұсынылып отыр. 

Әскери қызмет туралы заңға запастағы сержантты даярлау бойынша бірнеше түзету енгізіледі. Әскери резервті толықтыру мақсатында әскери кафедрада ақылы негізде запастағы сержантты даярлау қарастырылған. 

Білім туралы заңға жоғары білім беру ұйымына осы бағдарлама бойынша ақылы негізде запастағы сержантты даярлау өкілеттігін беру туралы толықтыру енгізу көзделіп отыр. 

Бектанов бұл түзетулер соғыс жағдайы туралы заңнамалық актіні қазіргі заманға сай келтіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұдан бөлек, соғыс жағдайы кезеңінде мемлекеттің жұмыс істеу механизмін жетілдіреді.

172
Кілт сөздер:
өкілеттік, президент, Қазақстан
Тақырып бойынша
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
Тоқаев: Қазақстанда АҚШ әскери базасын салу мәселесі талқыланбайды
Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Тоқаев: Қазақстандағы орыстар – еліміздің ажырамас бөлігі