Мужчина с папкой в руках, архивное фото

"Қайтеміз енді": Тоқаев наразылық акцияларына қатысты пікір білдірді 

5427
(Жаңартылды 12:57 09.06.2019)
Мемлекет басшысы заң өкілдерін барынша ұстамды болуға шақырды 

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс бергеннен кейін шетелдік журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналистер "Президент мырза, елдегі наразылық туралы хабарыңыз бар ма?" деп сұрады.

"Одан хабарым бар. Әртүрлі жаңалық естіп жатырмын. Бұл – халықтың таңдауы. Егер кейбір азаматтар осындай ұрандар тастайтын болса, қайтеміз енді, олардың таңдауы осындай", - деді Тоқаев.

Ал шетелден келген журналистер наразылық білдіріп жатқан жастарға үндеу жолдауды сұрады.

"Олар үкіметке, я болмаса, билікке қарсы наразылық білдірсе де, мен бір нәрсеге сенемін, жастар – халқымыздың бір бөлігі. Сосын тағы бір нәрсеге сенемін, біз барлық қиындықты бірге еңсеруіміз керек. Қалай болса да, наразылық білдіргендерге ұстамды болуымыз қажет. Заң өкілдерінің барлығына ұстамды болуға кеңес беремін. Бірақ айқын заң бұзушылықтар болса, оған ешкім бей-жай қарамайды", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, алдағы уақытта арнайы комитет құру жоспарланып отыр. Соның аясында ашық диалог жүргізіледі.

"Бізге диалог керек. Бірге болуымыз қажет. Мен арнайы комитет құруды жоспарлап отырмын. Оған қазір айтылып жатқан жастар да кіре алады", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Кандидат Қазақстандағы демократияны құру шараларына қатысты сұраққа да жауап берді.

Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді 

"Еуропа болсын, басқа елдер болсын, барлығында демократия бір. Алайда әрбір елдің өз ерекшелігі бар. Бізде өзіндік саяси модель қалыптасқан. Тұңғыш президентіміз, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және тағы басқа қызметтерде билікке араласа береді", - дейді Тоқаев.

Қазақстан президенті сайлауы

Қазақстанда бүгін кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.

Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті кандидат таласады.

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
5427
Кілт сөздер:
наразылық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Дауыс беруге келген Назарбаев: бұл - тарихи күн
Дариға Назарбаева өз таңдауын жасады - фото
Тоқаевтың бюллетені урнаның аузында тұрып қалды - видео
Президент сайлауы: алғаш болып дауыс берген қазақстандық кім?
Қазақстандықтардың 12,8 проценті дауыс беріп үлгерді
"Жағымды бір жаңалық келді": Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады
Загрузка...