Председатель Исполнительного комитета - исполнительный секретарь Содружества Независимых Государств (СНГ) Сергей Лебедев, архивное фото

Қазақстан президенті сайлауы демократияға сай әрі ашық болды Сергей Лебедев

62
(Жаңартылды 12:34 10.06.2019)
Миссияның өкілдері барлық сайлау учаскесін аралап шыққан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бақылаушылар миссиясының басшысы, ұйымның атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында сайлау демократияға сай әрі ашық өткенін айтты. 

Сергей Лебедевтың айтуынша, Қазақстан Республикасы президенті сайлауы Конституция мен "Сайлау туралы" заң талаптарына сай өтті.

"ТМД миссиясының құрамындағы бақылаушылар өз есептерінде бірқатар тәртіп бұзушылықты да көрсетті. Алайда аталған мәселелер сайлаудың нәтижесіне әсер ете алмайды деп ойлаймыз. Миссия өкілдері дауыстарды санау жұмысына да қатысты. Ол да конституциялық заңға сай болды", - деді Лебедев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.  

Оның сөзіне қарағанда, кешегі сайлау демократиялық таңдау принциптеріне сәйкес келеді. Сайлау науқаны ашық әрі әділ болды. Барлық учаскеде халықтың емін-еркін дауыс беруіне жағдай жасалды.

Тағы оқыңыз: ШЫҰ миссиясының басшысы Қазақстандағы президент сайлауына баға берді

Айта кетейік, ТМД бақылаушылары арасында Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан мен Өзбекстан өкілдері бар. Осы ұйымның тарапынан Қазақстандағы сайлауға 432 бақылаушы келген болатын. Олар 2019 жылы 20 мамырда өз жұмысына кірісті. ТМД бақылаушылары барлық аймақтың сайлау учаскелерін аралап шықты.

62
Кілт сөздер:
ТМД, президент сайлауы
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Шетелдік бақылаушы президент сайлауының маңызды бір ерекшелігін атады
Ресей депутаты Қазақстандағы сайлауға баға берді
ҰҚШҰ Парламент ассамблеясының бақылаушылары сайлауда заңбұзушылықтарды байқамаған
"Телефонға түсіріп алдық": бақылаушы сайлау учаскесінде нені көріп таңғалды?
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев жарлыққа қол қойды

17582
Мемлекет басшысы үкіметке Самарқан қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқан қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

"Самарқан қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Мемлекет басшысы үкіметке осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті

Самарқан – Өзбекстандағы ежелгі қала, Самарқан облысының орталығы. Зеравшан өзен аңғарында орналасқан. Онда жарты миллионнан астам адам тұрады.

4 ғасырдан 6 ғасырға дейін Түрік қағанатының құрамына енген Соғды мемлекетінің, 14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың басында Әмір Темір мемлекетінің, ал 1924-30 жылдары Өзбекстанның астанасы болды.

1938 жылдан облыс орталығы. 1970 жылы қазанда Самарқанның 2500 жылдығы аталып өтті.

17582
Кілт сөздер:
жарлық, Самарқанд, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Президент Қарағанды облысының әкіміне тапсырма берді
Тоқаевтың жарлығы қоғамдық талқылауға шығарылды
Халықтың кредиті кешіріле ме – экономистер жауап берді
Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында әлемге төнген жаңа қауіпті атады
Тоқаев ашаршылық қасіреті туралы іс-шаралар қабылдауды тапсырды
Ұшақ терезесінен қарағанда, архивтегі сурет

Қазақстан Ливияға қару тасымалдаған үш әуекомпанияның жұмысын тоқтатты

166
(Жаңартылды 13:11 23.09.2020)
Біздің елде тіркелген әуе кемелерімен Ливияға қару жеткізу эмбаргосына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі санкцияларының бұзылуы бойынша 2020 жылдың ақпанында Қазақстанға хат ұсынылған болатын

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Ливияға қару жеткізу жөніндегі тыйымын бұзған қазақстандық үш әуекомпания бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрлік бұл жұмыстар "Azee Air" ЖШС, "Sigma Airlines" ЖШС және "Jenis Air" ЖШС-ға қатысты жүргізілгенін хабарлады.

Әуе кемелерінің меншік иелері – Біріккен Араб Әмірліктері (SPACE CARGO INC., AGANYA LTD) мен Британ Виргин аралдарында (LTD "Infinitive Seal Inc.") тіркелген шетелдік компаниялар.

Бұл ұшақтар Таяу Шығыс аймағында шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайдаланылған. Ұшақтардың негізгі базасы Біріккен Араб Әмірліктері болып табылады. Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясы бар елдерге рейстер үшінші елдердің аумағы арқылы жүзеге асырылған.

"Халықаралық тәжірибеге сәйкес, шетелде қалыптасқан тасымалданатын жүктердің сипатын пайдаланушы мемлекет, яғни Қазақстан бақыламайды. Керісінше, ұшу жүзеге асырылатын шет мемлекеттің мемлекеттік органдары жүкті қадағалайды", – делінген хабарламада.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстан Республикасы заңнамасының, ICAO стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесінің талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру жүргізді. Нәтижесінде, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директорының 2020 жылдың 29 мамырдағы №167/1 бұйрығына сәйкес, аталған үш әуе компанияның азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысы сертификатын, соның ішінде "Sigma Airlines" ЖШС сертификатының қолданылуын уақытша тоқтатты.

Оқи отырыңыз: Көп жыл Назарбаевтың ұшағын басқарған пилот Елбасы туралы айтып берді

166
Кілт сөздер:
әуе компаниясы, әуе қатынасы
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар 26 қыркүйектен бастап Мәскеуге ұша алады
Қырғызстанға ұшуға рұқсат берілді: алғашқы рейске билеттер сатылып кетті
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Отандық әуе компаниясы Сауд Арабиясына тұрақты ұшуға рұқсат алды
Bek Air әуе компаниясы рейстерді қай уақытқа дейін тоқтатқаны белгілі болды
Архивтегі фото

Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді

0
Қалада тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен оқу-жаттығу өткен, ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмады

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Сәрсенбіде Air Astana ұшағы бір сағат бойы Алматы аспанын айналып ұшты. Flightradar24 мәліметінше, әуе кемесі қаланы бірнеше рет айналған.

Әуе компаниясы бұл оқу-жаттығу екенін мәлімдеді.

"Алматы аспанын айналып ұшу кезінде аэродромдық дайындық жасалды, бұл жаңадан келген ұшқыштарға – курсанттар немесе ұшақтың басқа түрлерін басқарған ұшқыштарға арналған ұшу дайындығының бір бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға Air Astana баспасөз қызметі.   

Аэродромдық дайындыққа "конвейерден" ретті ұшу (қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында тоқтамай), схема бойынша Алматы әуежайы аймағында айналып ұшу, кейін қонып, екінші айналымға кету кіреді.

"Жолаушыларға жақындауға қорықтым": бортсерік басынан кешкен жағдайды айтып берді

Кадеттің дайындық дәрежесіне қарай, әр ұшқыш күніне төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұшады.  

"Қазіргі таңда жаңа ұшқыштар көптеп келіп жатқанына байланысты мұндай оқу-жаттығу айына 2-4 мәрте өткізіледі", - деп атап өтті Air Astana.  

Мамандар оқу-жаттығу тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін баса айтты. Сонымен бірге бортта жолаушылар мен бортсеріктер болмайды.  

0
Кілт сөздер:
Алматы, Эйр Астана, ұшақ