Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бақылаушыларының миссиясының басшысы Сергей Лебедев

Қазақстандағы бұл сайлау ерекше болды ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы

151
Бақылаушылар Қазақстанда сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған және еркін атмосферада өтті деген қорытындыға келді

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым — Sputnik. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бақылаушыларының миссиясы Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын еркін және өткізілді деп таныды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясындағы брифингте миссияның басшысы Сергей Лебедев мәлімдеді.

Ол ТМД елдерінің сегіз елінен келген 432 адам Қазақстандағы сайлауды бақылағанын атап өтті. 20 мамырдан бері бақылаушылар республиканың барлық өңірінде болып, 3 812 сайлау учаскесіне барған.

"Біз Қазақстанда сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған және еркін атмосферада өтті деген қорытындыға келдік. Сайлау Конституцияға және конституциялық заңдарға сәйкес өткізілді. Ол ашық, демократияға сай және тартысты болды", - делінген ТМД миссиясы бақылаушыларының мәлімдемесінде.

Миссия құрамына ТМД елдерінің парламентшілері, Орталық сайлау комиссияларының басшылары мен дипломаттар кірді.

"Біздің ойымызша, өкілдік жоғары деңгейі бізге сайлаудың объективті және ауқымды картинасын алуға мүмкіндік берді. Бұл сайлау ерекше болды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға тікелей қатыспады. Оның сайлау қарсаңында сөйлеген сөзінен ел болашағына бей-жай қарамайтыны сезілді. Ол елінің болашағына алаңдайды", - деді Лебедев брифингте.

ТМД миссиясының басшысы сайлауға Елбасы ғана емес, көптеген қазақстандық алаңдаушылық білдіргенін атап өтті. Сергей Лебедевтің айтуынша, бұл жолы егде тартқан адамдар ғана емес, жас сайлаушылар да белсенділік танытқан.

"Қазақстанда поскеңестік кезеңдегі сайлауды мерекеге айналдыру дәстүрі сақталған – музыка ойнап, буфеттер жұмыс істеді.Мүгедектерге арнайы кабиналар мен пандустар болды. 12 мыңға жуық мүгедек осы жағдайды пайдаланды", - деді ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы.

Сонымен қатар, Сергей Лебедев сайлау алдындағы науқан кезінде атқарылған ақпараттандыру жұмыстарына жоғары баға берді. Қазақстандықтар жеті үміткердің бағдарламасымен толығымен танысуға мүмкіндік алды.

ТМД миссиясының бақылаушылары сайлау кезінде тіркелген заң бұзушылықтарға қатысты сұраққа жауап бере келе, заң бұзушылықтар аз болды деген қорытындыға келді.

"Ондаған кемшілік болды, ал дауыс бергендердің саны тоғыз миллионнан асады. Сондықтан жалпы алғанда бұл сандар елеусіз. Сандар Қазақстан халқының еркіне сай келеді. Біз бұл сайлауды мойындаймыз", - деді Сергей Лебедев.

151
Кілт сөздер:
президент сайлауы
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
ШЫҰ миссиясының басшысы Қазақстандағы президент сайлауына баға берді
"Телефонға түсіріп алдық": бақылаушы сайлау учаскесінде нені көріп таңғалды?
ҰҚШҰ Парламент ассамблеясының бақылаушылары сайлауда заңбұзушылықтарды байқамаған
Шетелдік бақылаушы президент сайлауының маңызды бір ерекшелігін атады
Қазақстан президенті сайлауы демократияға сай әрі ашық болды – Сергей Лебедев
Загрузка...