Үкімет

Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кете ме Тоқаев жауап берді

8470
(Жаңартылды 19:32 10.06.2019)
Жаңа сайланған президент Тоқаев үкіметте кадрлық ауыс-түйіс болатынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстан үкіметі отставкаға кетпейді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкіметке қатысты айтар болсақ, біздің заңнама бойынша ол отставкаға кетпейді. Кадрлық ауыс-түйіс болады", - деді ол отандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесуінде.

Тоқаев үкімет құрамына жаңа азаматтар келетінін айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев сайлаудағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

"Жалпы, жастарға қатысты айтсақ, тәжірибелі кадрларды тарту керек деп санаймын. Мен барлық өңірден 300 адам кіретін президенттік тізімді әзірлеуге уәде еткен едім. Біз бұл тізімді жаңартып отырамыз. Басты мақсат – жастарды мемлекет басқаруға тарту", - деді Тоқаев.

Президент сайлауы қалай өтті

Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Осы жолы мемлекет басшысы лауазымына жеті кандидат таласты.

10 маусымда Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Басқа кандидаттар келесідей дауыс жинаған:

  • Әміржан Қосанов – 16,02%;
  • Дания Еспаева - 5,2%;
  • Төлеутай Рақымбеков - 3,2%;
  • Амангелді Таспихов - 2,07%;
  • Жамбыл Ахметбеков -1,82%;
  • Сәдібек Түгел - 0,92%.

Өңірлер бойынша саралайтын болсақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының, ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары берген.

ОСК мәліметінше, дауыс беруге сайлаушылардың 77,4 проценті қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Ресей президенттері құттықтап үлгерді.

8470
Кілт сөздер:
отставка, үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаевты ұлықтау рәсімі қашан және қалай өтеді?
Өзбекстан президенті Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Қазақстандағы бұл сайлау ерекше болды – ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы
Қазақстанның әр өңірі бойынша кандидаттар қанша дауыс жинады?
"Бұл – таза жеңіс": Ресей елшісі Тоқаевқа Путиннің құттықтауын жеткізді
Тоқаев екі қаладағы митингілерге қатысты пікірін айтты - видео
Загрузка...