ТМ бақылаушылары

ТМД бақылаушылары: сайлаудағы заңбұзушылықтардың саны түкке тұрмайды

71
(Жаңартылды 19:45 10.06.2019)
Миссия басшысы атап өткендей, құқыққорғау органдары да, сайлау комиссиялары да заңбұзушылық фактілерін жасырмайды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым — Sputnik. Қазақстандағы президент сайлауында заңбұзушылықтар болды, бірақ олардың саны түкке тұрмайды. Бұл туралы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте айтты. 9 миллион сайлаушының дауыс бергенімен салыстырғанда, заңбұзушылықтың бұл көрсеткіші Қазақстанда сайлау еркін әрі сәтті өтті дегенді білдіреді, дейді ол.

Лебедевтің сөзіне сүйенсек, бақылаушылар заңбұзушылықтарды тіркеді, бірақ олардың саны сайлаудың ауқымымен салыстырғанда өте аз.

"Бұл құпия емес, бірақ өз басымен ойланып, санай білетін адам қанша факті болғанын есептей алады. 10 мың сайлау учаскесі, тоғыз миллион адам дауыс берді, 100 немесе 200 заңбұзушылық көзге түссе де, бұл сайлау учаскелерінің санымен салыстырғанда түкке тұрмайды. Жұмыс барысында ондай болып тұрады, мұндай фактілер посткеңестік елдерде ғана емес, Батыста да кездесіп жатады", - деп хабарлады ТМД миссиясының басшысы.

Бұдан бұрын Sputnik Қазақстан агенттігіне берген эксклюзивті сұқбатында Сергей Лебедев Орталық сайлау комиссиясының қолындағы ақпарат бұрмаланбағанын және шындыққа жанасатынын атап өтті.

Председатель Исполнительного комитета - исполнительный секретарь СНГ Сергей Лебедев на избирательном участке
© Sputnik / Владислав Воднев
ТМД бақылаушыларының басшысы Сергей Лебедев сайлау учаскесінде

Оның айтуынша, шығыста болсын, батыста болсын – бірде-бір елдегі сайлау заңбұзушылықсыз өтпейді. Осы орайда заңбұзушылықтың сипаты мен санына мән беру керек, дейді Лебедев. ТМД-ның бақылаушылар миссиясының басшысы атап өткендей, құқыққорғау органдары да, Орталық сайлау комиссиясы мүшелері де сайлау учаскелерінде заңбұзушылық болғанын жоққа шығармай, тіркеуге алып, қазақстандықтарға мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: "Урнаны сындырды": сайлау учаскелерінде қандай заңбұзушылық болды?

Еске сала кетсек, ТМД-ның бақылаушылар миссиясы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша 9 маусымда болған Қазақстан президенті сайлауы Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңға сәйкес өткізілді деп мәлімдеді.

ТМД миссиясы бойынша 432 бақылаушы сайлау мониторингін жүргізді, оның ішінде 20 бақылаушы ұзақ мерзімге жұмыс істеді.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметіне сәйкес Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,76% дауысымен жеңіске жетті.

71
Кілт сөздер:
президент сайлауы, ТМД
Тақырып бойынша
ҰҚШҰ Парламент ассамблеясының бақылаушылары сайлауда заңбұзушылықтарды байқамаған
"Бір сайлаушыға бес бюллетень берілген": Бас прокуратура заңбұзушылықтар туралы айтты
Загрузка...