Қасым-Жомарт Тоқаев

Мен "транзиттік жолаушы" емеспін - Тоқаев көзқарасын ашық білдірді

828
(Жаңартылды 20:18 10.06.2019)
Қасым-Жомарт Тоқаев билік транзиті тақырыбын осымен жабу керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билік транзитіне қатысты әңгімені тоқтату қажеттігін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен өзім "транзит" деген сөзге қарсымын. Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарына сұқбат бергенде "қазақша транзитті" сәл-пәл қағытып өттім. Транзит дегеніміз не? Сонда мен транзиттік жолаушымын ба? Әлде, жолсерікпін бе? Жоқ. Мен өзімді Қазақстан Республикасының толыққанды президенті деп санаймын. Мен жолсерік емеспін. Поезды да, ұшақты да ауыстырайын деп отырған жоқпын. Сондықтан "транзит" деген сөзді доғарайық. Сайлау өтті, президент сайланды", - деді Тоқаев Ақордада өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Тоқаев зейнетке шыққаннан кейін немен айналысады?

Мемлекет басшысы дауыс берудің алдын ала нәтижесін естігенде қандай күйде болғанын да айтып берді.

"Шынымды айтсам, қандай да бір сезімге берілген жоқпын. Біртүрлі салқын сабырлық болды. Неге екенін білмеймін. Бәлкім, ары қарай не істеу керек екенін ойлап жатқаннан кейін адам қатты сезімге берілмейді. Жұмыс кестесі өте тығыз. Қуаныш пен күлкіге уақыт жоқ десек те болады", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Оның айтуынша, ұлықтау рәсімі 12 маусымға жоспарланған. Алайда оған дейін орталық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін жинақтап, ресми есепті жариялауы қажет.

828
Кілт сөздер:
билік транзиті, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев екі қаладағы митингілерге қатысты пікірін айтты - видео
Сайлаудан кейін үкімет отставкаға кете ме – Тоқаев жауап берді
Президент сайлауында кім жеңіске жетті
Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды
Тоқаев желіні бұғаттауға қатысты: хабарсыз болдым
Тоқаев Ресей және Қытаймен арадағы қарым-қатынас туралы айтты
Тоқаев сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болғанын айтты
Тоқаев атом электр станциясы салына ма деген сұраққа жауап берді
Сенат сайлауы

Сенат сайлауы: учаскелерде не болып жатыр

32
(Жаңартылды 12:16 12.08.2020)
Таңғы сағат 10.00-ден бастап республиканың барлық өңірінде сайлаушыларды тіркеу басталды. Тізімде 17 орынға сайланатын 46 үміткер бар

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Сенат сайлауында дауыс берушілерді тіркеу ашылған сәттен бастап 30 минут ішінде Қазақстан бойынша қажетті қатысушылар саны толық жиналды.

Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, сағат 10:30-да сайлаушылардың 81,9%-і келді.

"Республиканың үш өңірінде сайлаушылар көп жиналды: Қарағанды облысы (98%), Ақтөбе облысы (96%) және Шымкент(96%)", - деп хабарлады Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы.

Сенат депутаттарының сайлауын 185 адам бақылайды, оның ішінде: 180 ұлттық, сондай-ақ түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен 5 халықаралық бақылаушы болады.

Дворец Независимости в Нур-Султане
© Sputnik / Абзал Калиев.
Нұр-Сұлтанда дауыс беруТәуелсіздік сарайында өтіп жатыр

2020 жылы сенаттағы орынға 46 үміткер қатысып жатыр. Олардың тек 17-сі парламенттің жоғарғы палатасының депутаты болады.

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде сайлайды, яғни оларды республиканың қатардағы азаматтары емес, облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттары сайлайды. Бұл сайлауға Қазақстанның барлық өңірінен 3 071 сайлаушы қатысады.

Тағы оқыңыз: Сенат төрағасы мәлімдеме жасады

32
Кілт сөздер:
сайлау, Сенат
Мәулен Әшімбаев

Сенат төрағасы парламент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады

2527
(Жаңартылды 11:42 12.08.2020)
Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде сенат сайлауы өтеді. Дауыс беру нәтижесінде 46 кандидаттың 17-сі сенат депутаты болып сайланады

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев парламенттің жоғарғы палатасындағы сайлауға қатысты пікір білдірді.

Палата спикері Сенат құрамының ішінара жаңаруы үш жылда бір рет өтетінін еске салды.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әр облыстан, астанадан және республикалық маңызы бар қалалардың әрқайсысынан бір депутат сайланады.  Барлығы 17 депутат. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де маңызды мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, палатаның 15 депутатын мемлекет басшысы тағайындайды", - деп жазды Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар Әшімбаев қазіргі заң шығару жүйесіне сәйкес, сенат заң жобаларының сапалы қаралуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

"Мәжіліс депутаттарының партиялық тізімдер бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын ескерсек, сенатта өңірлер мүддесінің білдірілуі аса маңызды", - деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, сенат төрағасы заңдарды қабылдау жөніндегі мәселелер жан-жақты және әрі терең зерттеліп, заң қабылдау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуі тиіс екенін айтты. Аталған жұмыстың сапасы мемлекеттік органдардың нормаларына, яғни, тұтас елдің тыныс-тіршілігіне ықпал етеді.

"Әр қабылданған заңның ондаған мың отбасының өміріне тікелей әсері бар. Осы ретте парламент палаталарының жұмысы заң шығару үдерісінің барынша тиімді болуына мүмкіндік береді. Заңдарды елдің, сондай-ақ, әр азаматтың мүддесін ескеріп, қабылдауды қамтамасыз етеді", - деді сенат төрағасы.

Сонымен қатар сенат төрағасы жаңадан сайланған сенаторлар тиісті өкілеттікті алған сәттен бастап мемлекеттің стратегиялық міндеттерін орындау үшін белсенді жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық өңірінде сенат сайлауы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:00-де басталады. Сайлау қорытындылары 2020 жылдың 18 тамызынан кешіктірілмей жарияланады. Орталық сайлау комиссиясы сайланған депутаттарды 2020 жылдың 14 қазанына дейін тіркеледі.

2527
Кілт сөздер:
мәлімдеме, сайлау, парламент, сенат төрағасы
Тақырып бойынша
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Тоқаев депутат Бекболат Тілеухан туралы жазба жариялады
"Халық табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды": депутат жалақы аз деп ашынды
"Мемлекеттің ресурсы шектеулі": Әшімбаев халыққа бос отырмай, жұмыс істеуге кеңес берді
Сенат депутатына кандидат Ақылбек Күрішбаев

Сенат сайлауының алдын-ала қорытындысы: Нұр-Сұлтанда экс-министр жеңіске жетті

0
(Жаңартылды 13:08 12.08.2020)
Сәрсенбіде Қазақстанның барлық аймақтарында парламенттің жоғарғы палатасына 17 депутатты сайлау өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, қазір Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев алдын-ала нәтижелер бойынша жеңіске жетті.

Нұр-Сұлтан қаласынан сенат депутаттығына ұсынылған Күрішбаевқа алдын ала нәтижелер бойынша сайлаушылардың 75%-ті дауыс берген.

Ал елордалық басқа кандидаттар Мейрамбай Оралов пен Мәулен Самамбетов сәйкесінше 15% және 10% дауыс жинаған.

Алматылық Сұлтанбек Мәкежанов сайлаушылардың 100% дауысын алған.

Шымкентте ең көп дауысты – 72%-пен Айгүл Қапбарова иеленді. Толқын Аюбаева сайлаушылардың 16% дауысын алса, Бектай Ормановқа 12% дауыс берген.

Оқи отырыңыз: Сенат төрағасы парламент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады

Айта кетейік, сенат депутаттарының сайлауын 185 бақылаушы қадағалайды. Олардың 180-і ұлттық, сонымен қатар 5 түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі миссиясының 5 халықаралық мүшесі. Осы жылы сенат депутаттығы үшін сайлауға қатысып жатқан 46 үміткердің тек 17-сі ғана парламенттің жоғарғы палатасының мүшесі атана алады.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін 18 тамызда жариялайды.

0
Кілт сөздер:
сайлау, Сенат
Тақырып бойынша
Сенат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша беріледі
Сенат сайлауы: кандидаттардың бірі қайтыс болды
Сенат сайлауы: үміткерлердің саны көбейіп келеді
Қазақстанда сенат сайлауы өтіп жатыр
Сенат сайлауы: учаскелерде не болып жатыр