Саясат

Сайлаудың соңғы қорытындысы шықты: кім қанша дауыс жинады?

© Sputnik / Владислав ВодневВыборы президента Казахстана - 2019
Выборы президента Казахстана - 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кезектен тыс президент сайлауында Қазақстан азаматтарының 77,5 проценті өз таңдауын жасады

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының соңғы қорытындысын шығарды. Оны Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сайлаушылардың басым бөлігінің сеніміне ие болған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болып сайланды. Екінші орынға "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан сайлауға түскен Әміржан Қосанов, ал үшінші орынға "Ақ жол" демократиялық партиясының кандидаты, жалғыз әйел үміткер Дания Еспаева жайғасты.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,96%
  • Әміржан Қосанов - 16,23%
  • Дания Еспаева -5,05 %
  • Төлеутай Рақымбеков - 3,04%
  • Амангелді Таспихов -1,98 %
  • Жамбыл Ахметбеков -1,82%
  • Сәдібек Түгел - 0,92%
© Sputnik / Нұргүл АбайСайлаудың соңғы қорытындысы
Сайлаудың соңғы қорытындысы шықты: кім қанша дауыс жинады? - Sputnik Қазақстан
Сайлаудың соңғы қорытындысы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының, ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары берген.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның әр өңірі бойынша кандидаттар қанша дауыс жинады?

Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Ресей президенттері Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап үлгерді.

Ұлықтау рәсімі қашан өтеді

Ләззат Сүлеймен хабарлағандай, Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі сайланған республика президенті болып дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 пайызынан артық дауыс алған кандидат танылатынын атап өтті. Осы нормаға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған президенті ретінде танып, тіркеу туралы қаулы қабылдады.

"Қазақстан Республикасының президенті туралы конституциялық заңға сәйкес Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайланған президентке Қазақстан Республикасы президентінің куәлігін тапсырады. Конституцияның осы нормасын басшылыққа ала отырып, 9 маусым күні сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы президентінің куәлігін тапсыру ұсынылады. Сонымен қатар, заңға сәйкес президент кезектен тыс сайлауда сайланса, ант беру күнін Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Осыған сүйене отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күні 2019 жылғы 12 маусым болып айқындалсын", - деді Сүлеймен.

Бұдан бұрын шетелдік және отандық БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында Қасым-Жомарт Тоқаев та ұлықтау рәсімі сәрсенбіде өтетінін мәлімдеген еді.

Заң бойынша жаңадан сайланған Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі дауыс беру қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізілуі тиіс.

Тағы оқыңыз: Ұлықтау рәсімі қалай өтеді?

Президент халыққа ант берген соң қызметіне кіріседі.

Дауыс беруге қанша қазақстандық қатысты

Ләззат Сүлейменнің айтуынша, сайлау бюллетендерін алған сайлаушылардың саны – 9 274 466 немесе сайлаушылардың жалпы санының 77,5 проценті.

"Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны – 9 274 034. Оның ішінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны 22 427 немесе барлық сайлаушының 0,19 проценті", - деді ол.

Сондай-ақ, ОСК ақпаратынша, жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны 71 624 немесе барлық бюллетеннің 0,59 проценті. Жойылған бюллетеньдердің саны – 793 010.

Тағы оқыңыз: Шапан киіп келді: президенттікке кандидаттар қалай дауыс берді - видео

Дауыс беруге келген сайлаушылар саны жағынан Алматы облысы – 89%, Ақтөбе облысы – 84,9%, Шығыс Қазақстан облысы – 84,9% көш бастады.

Айта кетсек, 2015 жылы өткен президент сайлауында сағат 22:00-дегі мәлімет бойынша қазақстандықтардың 95,11%-і дауыс берген еді.

Жаңалықтар
0